Эльза Ульмер Қазақстанда туып-өскен неміс ақыны. 1971 жылдан бастап өлеңдері әр түрлі басылымдарда, жинақтарда жиі жарияланып тұрған. Сондай-ақ оның туындылары Мой Казахстан (1978, А., Жалын), Далекие журавли (1980, М., Советский писатель), Близкие дали (1984, А., Жазушы) атты жалпы жинақтарға, Қазақстан баспасы шығарған неміс жазушыларының үш томдық антологиясына енген. Жас ақын Марлен Ғилымхан ақынныңСережки из вишен жинағындағы бір топ өлеңдерін қазақ тілінде аударыпты. Оқып көрейік! Көлде Жылы толқын аймалаған жағаданталып қана естілген,әлдененің күбірлеген дауысын,Тыңдайды ағаш жұмған аузын ашпастан...ұқсамайтын ештеңеге, ешкімге!Жүрген сайын ілгері,Сәл байқалар қайығымдай қалтырауықиырдың,Көл үстінде ілініп тұр күн добы.Аққан суды... ну орманды құшақтағанкөк аспанда жанарым.Дамыл табар тар уақыт,Мен біртүрлі...Жердің, Көктің, Мәңгіліктің өзі сияқтанамын!Саусағының ұшыменен түрткілегенжел аулаққа ұрынған.Тапжылмастан жұмсақ бұлтқа қараймын,Ләззат алам сосын... жалғыздығымнан... Неміс тілінен аударған: Владимир Швыряев Салтанатты құлшылық Көкжиекте жартастың балқығанын,Жанартау-бұлт ақ жүзін бүлдіргенінауырсынып,көк аспанның теңізге айналғанын,...Жер бетіндежалаң аяқ, ақшыл шаш күн жүргенін,көрсең егер...Содан сансыз саналар оянғанын,Жарым түннің жұлдызды тыныштығыәр жерден шырылдаған көп дауысқабоялғанын,сен естісең...жайқалған алма ағашы жапырағынсалыстырсаң биязы келбетіменарулардың,қызарған қымсынғаннан,тұрпатын құбылтушы - із...Ал, олар тұла бойын тіктегенде,сананы тағы улармын.Ойласаң...Не себептенжер шарының ең биік тұсына ұқсаскеудесіне үлкен тау көшіргенін,шағымнан шалғай кетіп,ешқандай ыңырсусыз?!егер,қорланғанда нұрлы ойға салына алмай,көлбеңдесе пенделік талқылаулар,жиілесе жанарда жас құрғауы,ақыл мен қос қолыңдышексіздік тарса өзіне,онда сен сенімді бол, сол ұққаным!Бұл - күмбезді шіркеудің астындағысалтанаты тасыған құлшылықтаЛюдвик ван Бетховенмен жолыққаның! Неміс тілінен аударған: Лора Степанова Таңсәрі Жаңбыр тамшыларыбелін бүккен бұтақтан соқтығыспай сырғиды,әрең естілген әтештің даусы біртүрлімұңды.Жол жиегіндегі шамның жанары жастан ісінді,Жүгері алқабына сіңіп барады түн болса...Жалғыздықтың дидарына қарадым. Неміс тілінен аударған: Лора Степанова Оралу Ауада жердің иісі...Көк майсада сәби шағым қалқыды.Тау бөктерінен ерке күндерімнің жұпарыаңқып тұр әлі.тұңғиық аспанға дейінгіаяулы кескіндерде жерге табантірегенпәктіктің сәулесі жатыр шұбалып...құрғақ қиялға құнығабалалығым салған іздермен аяңдапкелем.Көлбеңдеді мөлдір...еркін болашақтың бейнесі. Неміс тілінен аударған: Лора Степанова Қайтарым Әр кеш сайынұшы-қиыры жоқ бидай теңізінешомылу үшінтөмен түседі Күн,адамдардағы жылы шырайдан шәрбат татадысосын...Ал, әуелде...еккені жайқалып өсіп,жер иесінің қуануы үшін,алып шырақтыңкеңістікті күн сайыналтынның түсімен бояуы керек болатын. Неміс тілінен аударған: Борис Пчелинцев Болмыс Сұлулықтыбәрінен артық көретіндерүйлесім мен әдемілік туралыойлануды құптамас.Себебі де бар оның:Көркемдікті табиғибөлшектерге бөлу сыймайды ақылға.Ұғынудың өзі бақыт осыны! Неміс тілінен аударған: Лора СтепановаТүс Түсіме енеді...таңғы шықты ерніммен үйіңе әкелген шағым,күздің жұмсақ желімен саған қарай ұшқаншымқай қызыл жапырақтыңсарғайған сәлемім секілденгені,ұяла күлген өңіме қарап нұрланғаның датүсіме енеді...шоқжұлдыздардай тізілгенкөркем гүлдерді сыйға тартқанменбейтаныс мекеннен мұң жолдап жіберетінім,сосын қалай мейірбан алыпқа айналғаныңсенің...түсіме енеді....Түсінесің бе,ақ жүзіңді аймалаған қардан нәзік қолдарым құпия ойларым ба менің?! Неміс тілінен аударған: Виктор Вебер