- Негізгі бет
- Аударма
- Эльза Ульмер. "Жалғыздықтың...
Эльза Ульмер. "Жалғыздықтың дидарына қарадым..."
Эльза Ульмер – Қазақстанда туып-өскен неміс ақыны. 1971 жылдан бастап өлеңдері әр түрлі басылымдарда, жинақтарда жиі жарияланып тұрған. Сондай-ақ оның туындылары «Мой Казахстан» (1978, А., «Жалын»), Далекие журавли» (1980, М., «Советский писатель»), Близкие дали» (1984, А., «Жазушы») атты жалпы жинақтарға, «Қазақстан» баспасы шығарған неміс жазушыларының үш томдық антологиясына енген. Жас ақын Марлен Ғилымхан ақынның «Сережки из вишен» жинағындағы бір топ өлеңдерін қазақ тілінде аударыпты. Оқып көрейік!
Көлде
Жылы толқын аймалаған жағадан
талып қана естілген,
әлдененің күбірлеген дауысын,
Тыңдайды ағаш жұмған аузын ашпастан...
ұқсамайтын ештеңеге, ешкімге!
Жүрген сайын ілгері,
Сәл байқалар қайығымдай қалтырауы
қиырдың,
Көл үстінде ілініп тұр күн добы.
Аққан суды... ну орманды құшақтаған
көк аспанда жанарым.
Дамыл табар тар уақыт,
Мен біртүрлі...
Жердің, Көктің, Мәңгіліктің өзі сияқтанамын!
Саусағының ұшыменен түрткілеген
жел аулаққа ұрынған.
Тапжылмастан жұмсақ бұлтқа қараймын,
Ләззат алам сосын... жалғыздығымнан...
Неміс тілінен аударған: Владимир Швыряев
Салтанатты құлшылық
Көкжиекте жартастың балқығанын,
Жанартау-бұлт ақ жүзін бүлдіргенін
ауырсынып,
көк аспанның теңізге айналғанын,
...Жер бетінде
жалаң аяқ, ақшыл шаш күн жүргенін,
көрсең егер...
Содан сансыз саналар оянғанын,
Жарым түннің жұлдызды тыныштығы
әр жерден шырылдаған көп дауысқа
боялғанын,
сен естісең...
жайқалған алма ағашы жапырағын
салыстырсаң биязы келбетімен
арулардың,
қызарған қымсынғаннан,
тұрпатын құбылтушы - із...
Ал, олар тұла бойын тіктегенде,
сананы тағы улармын.
Ойласаң...
Не себептен
жер шарының ең биік тұсына ұқсас
кеудесіне үлкен тау көшіргенін,
шағымнан шалғай кетіп,
ешқандай ыңырсусыз?!
егер,
қорланғанда нұрлы ойға салына алмай,
көлбеңдесе пенделік талқылаулар,
жиілесе жанарда жас құрғауы,
ақыл мен қос қолыңды
шексіздік тарса өзіне,
онда сен сенімді бол, сол ұққаным!
Бұл - күмбезді шіркеудің астындағы
салтанаты тасыған құлшылықта
Людвик ван Бетховенмен жолыққаның!
Неміс тілінен аударған: Лора Степанова
Таңсәрі
Жаңбыр тамшылары
белін бүккен бұтақтан соқтығыспай сырғиды,
әрең естілген әтештің даусы біртүрлі
мұңды.
Жол жиегіндегі шамның жанары жастан ісінді,
Жүгері алқабына сіңіп барады түн болса...
Жалғыздықтың дидарына қарадым.
Неміс тілінен аударған: Лора Степанова
Оралу
Ауада – жердің иісі...
Көк майсада сәби шағым қалқыды.
Тау бөктерінен ерке күндерімнің жұпары
аңқып тұр әлі.
тұңғиық аспанға дейінгі
аяулы кескіндерде жерге табан
тіреген
пәктіктің сәулесі жатыр шұбалып...
құрғақ қиялға құныға
балалығым салған іздермен аяңдап
келем.
Көлбеңдеді мөлдір...
еркін болашақтың бейнесі.
Неміс тілінен аударған: Лора Степанова
Қайтарым
Әр кеш сайын
ұшы-қиыры жоқ бидай теңізіне
шомылу үшін
төмен түседі Күн,
адамдардағы жылы шырайдан шәрбат татады
сосын...
Ал, әуелде...
еккені жайқалып өсіп,
жер иесінің қуануы үшін,
алып шырақтың
кеңістікті күн сайын
алтынның түсімен бояуы керек болатын.
Неміс тілінен аударған: Борис Пчелинцев
Болмыс
Сұлулықты
бәрінен артық көретіндер
үйлесім мен әдемілік туралы
ойлануды құптамас.
Себебі де бар оның:
Көркемдікті табиғи
бөлшектерге бөлу сыймайды ақылға.
Ұғынудың өзі бақыт осыны!
Неміс тілінен аударған: Лора Степанова
Түс
Түсіме енеді...
таңғы шықты ерніммен үйіңе әкелген шағым,
күздің жұмсақ желімен саған қарай ұшқан
шымқай қызыл жапырақтың
сарғайған сәлемім секілденгені,
ұяла күлген өңіме қарап нұрланғаның да
түсіме енеді...
шоқжұлдыздардай тізілген
көркем гүлдерді сыйға тартқанмен
бейтаныс мекеннен мұң жолдап жіберетінім,
сосын қалай мейірбан алыпқа айналғаның
сенің...
түсіме енеді.
...Түсінесің бе,
ақ жүзіңді аймалаған қардан нәзік қолдарым –
құпия ойларым ба менің?!
Неміс тілінен аударған: Виктор Вебер
Ж. Жұмағұлов