Екі сөйлемнен тұратын қорқынышты әңгімелер

Адам жаны қиын да күрделі тылсым сырға, небір түсініксіз дүниелерге толы. Жан дүниеңіздегі жұмбақты түсіндіру үшін көп сөздің қажеті жоқ. Қиял – санаңыздың мың сан қабатында жасырын жатқан сурет. Сенбейсіз бе? Олай болса екі сөйлемнен ғана тұратын қысқа әңгімелерді оқып көріңіз. 

Бұзу 

Менде және менің психиатрымда үлкен жарылыс болды. Енді ол да өз даусын естиді. 

Жалғыздықтағы өмір 

Егер сен жалғыз тұратын болсаң, кенеттен жарықтың өшуі сенің қорқынышыңды ұлғайтуға жетеді. Бірақ, жарықтың кенеттен қайтадан жануы одан да қорқынышты. 

Қоқыс 

Қоқыс төгетін жерден екінші рет көршімнің бір уыс шашын көруді мен қалай күттім десеңші. Ашу үстінде шашты бар күшіммен созғылап жатқанымда кенет кәріз құбырынан жан ұшыра шыңғырған дауысты естідім. 

Бәс 

Біз балауыз мұражайында жүрген кезде мен достарымның көңілін көтеру үшін, сол қасқайып тұрған мүсіндермен көз таластырып ойнауды ұсындым. "Тым болмаса 2 раунд шыдасам болар еді" дегем, алайда, бірінші раундтан-ақ жеңуім жүректерді селт еткізді... 

Тату көршілер

Лора мен Джонның бірге тұрып жатқанына алты ай болды. Лора бүгін шатырға шығарда қан басқан іздерді көріп, жалғыз емес екенін бірінші рет сезінді. 

Ұмытшақ 

Апаттан кейін біз туралы есіңде ештеңе қалмапты дейді. Ендеше, менің кеткеніме қарамастан неге әрдайым қасымнан табыласың?

Жай ғана тыныста 

Құлазыған ол аурухана төсегінде жатып анасының оны қалай алдаусыратқанын көрді. Бұл уақыт аралығында ол алғаш рет, ақыр соңында өзінің тыныстай алатынын есіне алды. 

Оның маңызды күні 

Оның барлық өмірі шіркеудегі бұл таңғажайып сәтті күткендей. Бәрінің назары онда: ол осы көйлекпен, осы аяқ киіммен құлпырып табытта жатты. 

Соңына дейін 

Ол «Мен сені сүйем» деп сыбырлады да, қайтадан жылай бастады. Сүйгені сондай тәтті болса да, мәйіттің иісі киіміне сіңіп қалыпты. 

Айырылысу 

Біз бір-бірімізге өзімізде бардың бәрін беруге ант бердік. Мен дымсыз қалдым. 

Полароид 

Көзі жұмулы, аузы ашық жас бойжеткеннің суретін тауып алғаннан кейін мен әлдебіреудің сәтсіз шыққан суретті лақтырып тастағаны шығар деп ойладым. Анам өлген күні суретке қайта қадала қарағанымда қыздың жүзінде жұмбақ күлкі пайда болды.

Шақырылмаған қонақ 

Түн ортасында әжетханаға барар жолда итім аяғыма оралғанын сезгем. Кенет екінші қабаттан оның үрген дауысы шықты... 

Қайтадан үйдемін 

Қонақ бөлменің есігі ашылған сәтте: «Келдің бе, қымбаттым?» деп сұрадым. «Жоқ» деп сыбырлаған жауапты естідім. 

Жүрек ісі 

Менің бұрынғы күйеуім жүрегімді қайтадан ұрлап әкететін айтты. Ол енді оның шкафының үстіндегі банкада тұрады. 

Жасырынбақ 

Мен әлемдегі ең үздік жасырынбақ ойнаушымын. Олар мені бір-ақ рет қана тапты, енді ешқашан таппайды.