13 қазаннан. Ақыры жеткендей, менің көшемде мереке! Қараймын да, өз көзіме сене алар емеспін. Менің тереземнің алдында ұзын бойлы, сымбатты келген көзі тұп-тұнық қара кісі жүр. Сақал-мұрты – керемет енді! Осымен бесінші күн болды жүргеніне, таңның атысына кешке дейін кетер емес. Барлығының көзі біздің терезеде. Көрмей отырған сыңай танытамын.
15 қазаннан. Бүгін таңнан бері жауын құйып тұр, ал ол байғұс әлі жүр. Сыйлық ретінде оған көз тастап, деммен сүйіс жолдап қойдым. Еріксіз таңырқататын күлкісімен жауап қатты дерсіз. Кім ол? Варя әпкемнің айтуынша, ол өзіне ғашық жан және сол үшін жауын астында малмандай су болуда деп сендіреді. Дамымай қалған-ды! Қара кісінің... Жақсы көруі мүмкін бе? Шешеміз бізге жақсы киініп, терезе алдында отыруымызды тапсырды. "Мүмкін ол алдамшылардың (жулик) бірі болар, мүмкін ол тәртіпті мырза болар", - деді бір сөзінде. Алдамшы… Ақымақсыз сіз, шеше!
16 қазаннан. Варяның айтуынша, мен оның өмірін тауысып жүр екенмін. Ол оны емес, мені сүйгені үшін кінәлі екенмін! Байқаусызда есік алдына қағаз түсіріп алған болдым. О, жымысқы! Өзімнің қолыма бормен былай деп жазыппын: "Кейін". Ал сосын жүріп, жүріп болған соң, дарбазаға "Мен қарсы емеспін, тек кейіндеу" деп жазып қойдым. Бормен жаздым да, заматта өшірдім. Жүрегімнің алып ұшқаны не екен?
17 қазаннан. Варя менің кеудемнен бір қойып қалды. Пиғылы жаман, жек көруші алдамшы ғой! ...Бүгін ол қалалық басқарушыны тоқтатып алып, біздің терезені көрсете ұзақ уақыт бір нәрсе айтып жатты. Істі насырға шаптырмақшы! Сатып алып жатқан болар... Озбырсыңдар әрі жауызсыңдар сендер, ерлер, бірақ, айлалы қусыңдар әрі ғажапсыңдар!
18 қазаннан. Бүгін ұзақ уақыт үй бетін көрмеген Сережа ағамыз оралды. Түнделетіп. Төсекке жатқаны сол еді, қала басқарушысының шақыртуына кетті.
19 қарашадан. Сұмырай! Жексұрын! Сөйтсе, ол осы он екі күн бойы біреудің ақшасын жаратып қойып, көзден тайып тұрған Сережа ағамызды күтіп жүрумен болыпты ғой!
Бүгін ол дарбазаға келіп жазған екен: "Мен боспын әрі мүмкіншілік бар". Оңбаған... Оған тілімді шығардым.
Аударған: Фараби Арыстанбек
сурет: fotosun.info