Адам баласының бойында жақсы, жаман қасиеттер қатар жүреді. Бір кезде мейірімді, сабырлы, нәзік болған жан өзгелердің әсерінен ызақор, қатыгез болып кетуі мүмкін. Соңғы аталғандар - жаман қасиеттер. Сол жаман қасиеттер туралы айтылған қанатты сөздерді назарларыңызға ұсынамыз.
Пасыққа қайырымдылық та, даналық та пасықтық болып көрінеді. Кір кірдің талғамынан шығады.
У. Шекспир
Ызақор адам көмірге ұқсас: күйдірмесе де, күйелейді.
Анахарсис
Қатыгездік әрқашан мейірімсіздік пен дәрменсіздіктен болады.
Сенека
Қайырымдылардың жақсылықты жақтағанынан гөрі зұлымдардың жақсылыққа өштігі күштірек болады.
М. Сервантес
Қатыгездік қаһармандыққа серік бола алмайды.
М. Сервантес
Кекшілдік дегеніміз – ұсақ та пасық жанның сүйініші.
Ювенал
Жамандық үлкен болсын, кіші болсын, оны жасамау керек.
Эзоп
Жауызға айтқан жақсы сөз – суға жазған хатпен тең.
М. Әуезов
Бірде-бір кекшіл кісі бақытты болмақ емес.
Ювенал
Өкінген жақсы, бірақ жамандық жасамау одан да жақсы.
Г. Флобер
Қаталдық болған жерде жұмсақтық жасаудың ешбір қисыны жоқ. Жұмсақтықпен дұшпанды дос қыла алмайсың, қайта одан әрі өршелендіріп аласың.
Софокл