Бiрде Сырым Датұлы сапардан қайтқанда үйiне асығады екен, сонда жанындағы жолдастары әзiлдеп былай деген екен:
– Сен қайда асығасың? Сен асығатындай әйелiң сұлу емес қой, бiз асықсақ болады, – дептi. Сонда Сырым сабырлы кейiппен былай дейді:
Әркiмнiң мiнген аты өзіне тұлпар,
Алған жары өзіне сұңқар.
Қойды қой деп қомсынбаңдар,
Əйелді əлсіз деп қорсынбаңдар.
Қойсыз елге үй бітпейді,
Əйелсіз ерге күй бітпейді.
Əйелді теппе аяқпен,
Баланы ұрма таяқпен.
Əйелді тепсең бағы сынар,
Баланы ұрсаң сағы сынар.
Əйел ашуланса қатты айтар,
Бала ашуланса бетің қайтар.
Еркек үйдің егесі,
Əйел үйдің шегесі.
Мықты болса егесі,
Майыспас оның шегесі.
Майыспаса шегесі,
Жаман болмас егесі.
Алтын да тас,
Тас та тас.
Алтындай болмас басқа тас,
Алтынға алтын қосылса,
Алтынды алтын тастамас.