Батамен ел көгереді. Үлкендердің шын ниетпен, ақ көңілмен берген батасын алған адам жерде қалмайды. Ал өткен ғасырдағы аты аңызға айналған ұлы адамдар қалай бата берді екен, көз салайық.
Асан қайғының батасы
Әйелі семіз, ері арық,
Үй жұтынан сақтасын.
Иесі семіз, аты арық,
Түз жұртынан сақтасын.
Оғыз батырдың батасы
Береке-таңбамыз болсын,
Көкбөрі ұранымыз болсын.
Темір найза-тоғай болсын.
Аулағанымыз құлан болсын.
Теңіз шалқып, өзен ағып жатсын,
Көк Тәңірі-қорғанымыз болсын.
Айтолдың батасы
Ұлық бопсың — жасың ұзақ болғай-ды,
Ізгіліксің — басың есен болғай-ды.
Бұзылмасын бектің ниет, бектігі,
Рахат кешсін, күйдіріп кектіні!
Жылдарынды өкінішсіз өткергін,
Бекіп белің, белділерді бөктергін!
Қонған бақыт құрымасын, тозбасын,
Күнде ырыс-құт қақпаңды ашып, орнасын!
Бар қуаныш келіп жатсын сабылып,
Жау көре алмай өлсін өті жарылып!
Қызметші ал, қадірлейтін құтынды,
Қыңыр болып, қашырмасын құтыңды.
Бір жағы бала, бір жағы
Ақылдасар серігің.
Тілеуін тілеп сыртынан,
Күнде қанар жерігің.
Ісінді алса қолыңнан,
Сонда болсын ерлігің.
Баламен бітсе жұмысың,
Жоқтамақшы сені кім.
Киімің-бүтін, тамақ-тоқ,
Жүрерсің болса көлігің.
Жақсы туған балаға,
Болады мықты сенімің.
Сенбей оған қайтесің,
Сынады тепсе темірің.
Бала емес бақша жемісі,
Деп сұраса тегі кім.
Жазбадым жаман баланы,
Жасытпайын деп көңілін.
Осындай туған баланың,
Қабыл болсын тілегі.
Ақылды болған дананың,
Ұзын болсын өмірі,
Таза болсын жүрегі.