- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Түсінбеген нәрсеңіз болса,...
Түсінбеген нәрсеңіз болса, сұраудан ұялмаңыз
1. Түсінбеген нәрсеңіз болса, сұраудан ұялмаңыз.
2. Бүгінмен өмір сүріңіз. Өйткені кешегі күн оралмайды, ал ертеңгі күн болмауы мүмкін.
3. Біреумен кездескіңіз келсе, міндетті түрде шақырыңыз.
4. Бұл өмірде ең маңызды нәрсе – махаббат. Одан басқасының бәрі – әбігерлік.
5. Өз рахатыңыз үшін ақша аямаңыз.
6. Болмашы нәрсеге сөз таластырып отырмаңыз.
7. Ақымақтармен араласудан бас тартыңыз.
8. Егер кінәлі болсаңыз, бірден айтыңыз және ақталудың жолын іздемеңіз.
9. Есіңізден шығармаңыз, әр адамның өз шындығы бар. Ол сіздікімен сәйкес келмеуі мүмкін.
10. Қоршаған әлем мейірімсіз де, мейірімді де емес. Ол сіздің бар-жоғыңызды да білмейді.
11. Адамның барлық мәселесі басында ғана болады.
12. Өміріңіздегі әр оқиғадан ләззат ала біліңіз.
13. Екінші өміріңіз болмайтынын ешқашан ұмытпаңыз.
14. Ешкімге ештеңе қарыз емес екеніңізді және сізге ешкім ештеңе қарыз емес екендігін есте ұстаңыз.
15. Саясат туралы сөз қозғамаңыз. Себебі ол адамдарды ашуландырады.
16. Өмірде тек өзіңізге ғана сеніңіз.
17. Өзге біреудің сөзінен бұрын, өзіңіздің сезіміңізге сеніңіз.
18. Қыз балаларға шыдамды әрі қамқор болыңыз.
19. Әйел адамдарға аяушылық білдіріңіз. Олардың өмір сүруі өте қиын.
20. Көңіл-күйіңіз болмаса, ештеңе жасамаңыз.
21. Ал ең бастысы, бүгін – ең керемет күн деп біліңіз.
Ж. Исакаев