Тәрбие туралы мақал-мәтелдер

Тәрбие туралы мақал-мәтелдер
Фото: minber.kz

Тәрбие бесіктен беріледі. Баланың ақылды, парасатты, әдепті болып өсуі – ата-ананың мерейі. Қазақ сөзбен түзеп, көзбен тәрбиелеген ұлы халық қой. Даналығы мен даралығы, тәрбиесі мен өнегесі сөзінде көмкерілген. Тәрбие мен өнеге туралы мақал-мәтелдер де аз емес. 

Қар қылаумен өседі, 
Бала сылаумен өседі. 

Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын. 

Дұрыс қанаттанған түзу ұшар. 

Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле. 

Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, 
Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес. 

Ағаштан ағаш сәнін алады, 
Адамнан адам тәлім алады.
  
Бір адамға қадірің жүрмесе, 
Екі адамға күлкі боласың. 

Пышағыңды мұқалтпа, 
Не кеспесті біліпсің? 
Сырын білмей сыр айтпа, 
Не деспесті біліпсің? 

Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең. 

Ана сүтімен бітпеген қасиет 
Тана сүтімен сіңбейді. 

Қамысты бос ұстасаң қол кесер. 

Г. Берік