Көне жырларда:
Ораздының он ұлы
Жиырлының жалғызы, -
немесе:
Ораздының ұлы өсер,
Жиырлының қызы өсер, - деген жолдар бар. Мұндағы оразды сөзі "бақытты" деген сөз: ораз - парсы тілінде "бақыт" дегенді білдіреді. Ал жиырлы деген сөз ешбір түркі тілінде жоқ. Тегі, контекске қарағанда, бұл сөз жиырлы емес, черлі болуы керек. Араб жазуындағы бір таңба әрі ж, әрі ч дыбысын білдірген. Арабша жазылған нұсқадан өазіргі алфавитке көшіргенде, қате оқылып, қате жазылған болуы керек. Сонда "бақыттының он ұлы, шерлі адамның жалғызы" деген қарама-қарсы образды білдіретін сөздер болып шығады.
Рабиға Сыздықтың "Сөздер сөйлейді" еңбегінен