Қытай ғалымдары осыдан бірнеше жыл бұрын ауқымды зерттеу жұмысын жүргізіп, жер бетінде Шыңғыс хан ұрпақтарының біз ойлағаннан да көп екенін дәлелдеді. Олар Шыңғас ханның ұрпағы болуы мүмкін деген халықтардың геномын секвенирледі. Нәтижесінде жер бетіндегі әрбір 200-еркектің Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болуы мүмкін екені анықталды. Сіздің де оның ұрпағы болуыңыз ғажап емес.
Монғол империясының негізін салушы Шыңғыс хан ХІІ-ХІІІ ғасырларда өмір сүреді. Ол ең мықты деген тайпалардың басын біріктіріп, жарты әлемді жаулайды. Ал оның империясы – адамзат тарихындағы ең алып империя. Есімінің өзі жауының жүрегіне қорқыныш ұялатады. 26 әйелі мен 2 000 күңі болады. Балаларының нақты саны белгісіз. Бөртеден туған 4 ұлы бар. Олар - Жошы (1182 — 1227), Шағатай (1183 — 1242), Үгедей (1185 — 1241), Төле (1193 — 1256). Шыңғыс хан дұшпандарына қатыгез болады. Көршілерінің жеріне иелік етеді. Ол «соққыны бірінші болып бер, ешуақытта артқа шегінбе» деген сөздерді жауынгерлеріне жиі айтқан екен. Кезекті материалымызда Шыңғыс ханның қанатты сөздерін ұсынамыз.
1. «Қорықсаң – жасама, жасап жатып қорықпа, жасамайтын болсаң – өлесің»
Шыңғыс хан қай істі қолға алса да, барлығын соңына дейін жеткізіп отырған. Адамда арман мен мақсат болса, оны міндетті түрде орындауы керек деп білген. Біз керісінше үнемі күдіктеніп, өзімізге сенімсіздік танытамыз. Қиын істі бастайтын кезде көшпенділер заңын еске түсір. Қызуқанды бол. Ешнәрседен қорықпа.
2. «Шақалдардың алды болғанша, қанды ауыз қасқырлардың арты болған артық»
Өмірде түрлі адаммен достасып, қатар өмір сүруімізге тура келеді. Қасқырлардың арасында жүруге мүмкіндік туып жатса, шақалдардың арасында жүрудің қажеті жоқ. Үнемі жақсылық жасап, мықты болуға тырыс. Беделді адамдардың арасында жүр. Олар сені қалай қабылдайды деп қорықпа. Қатты қаласаң, олар сені міндетті түрде қабылдайды. Шақалдар етегіңнен тартса, қанды ауыз қасқырлар мықты болуға көмектеседі.
3. «Бейбіт жерде бұзаудайын жуас болып, соғыс кезінде қаһарыңды көрсет. Жемін аулаған ақ тұйғындай бол»
Мықты адамдар болмашы дүниелерге бола жүйкесін тоздырмайды. Түкке тұрғысыз істерді шетке ысырып, жанжалдаспауға тырысады. Алдыңда алып мақсатың болса, майда-шүйделерге мән бермейсің. Бос күлкі мен өсек сөзден қашық бол. Әлсіздерге ешуақытта күш көрсетпе. Сол кезде ғана алдыңа қойған мақсатыңа жетесің. Бірақ ұрысқа шақырса, дұшпаныңды аяма.
4. «Мен – Құдайдың жазасымын. Құдай мен секілді жазаны ауыр күнә жасаған болсаң ғана жібереді»
Еркек деген атқа лайық бол. Сен ойыншық немесе бесіктен белі шықпаған бала емессің. Сен – жауынгерсің. Маңызды шешім қабылдайтын кезде табанды, мақсаткер бол. Монғол жылқысы секілді алдыңда тұрған кедергілерді таптап өт.