Шыңғыс ханның бір ауыз сөзі - 2

Шыңғыс ханның бір ауыз сөзі - 2
Фото: http://mensby.com/

Қытай ғалымдары осыдан бірнеше жыл бұрын ауқымды зерттеу жұмысын жүргізіп, жер бетінде Шыңғыс хан ұрпақтарының біз ойлағаннан да көп екенін дәлелдеді. Олар Шыңғас ханның ұрпағы болуы мүмкін деген халықтардың геномын секвенирледі. Нәтижесінде жер бетіндегі әрбір 200-еркектің Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болуы мүмкін екені анықталды. Сіздің де оның ұрпағы болуыңыз ғажап емес.

Монғол империясының негізін салушы Шыңғыс хан ХІІ-ХІІІ ғасырларда өмір сүреді. Ол ең мықты деген тайпалардың басын біріктіріп, жарты әлемді жаулайды. Ал оның империясы – адамзат тарихындағы ең алып империя. Есімінің өзі жауының жүрегіне қорқыныш ұялатады. 26 әйелі мен 2 000 күңі болады. Ал балаларының нақты саны белгісіз. Бөртеден туған 4 ұлы бар. Олар - Жошы  (1182 — 1227), Шағатай (1183 — 1242), Үгедей  (1185 — 1241), Төле (1193 — 1256). Шыңғыс хан дұшпандарына қатыгез болады. Көршілерінің жеріне иелік етеді. Ол «соққыны бірінші болып бер, ешуақытта артқа шегінбе» деген сөздерді жауынгерлеріне жиі айтқан екен. Кезекті материалымызда Шыңғыс ханның қанатты сөздерін ұсынамыз.

Басы 

5. «Адамдар мас болған кезде күнә жасап, жаман істерге барады. Ұрысып, жанжалдасады. Шарап оны бар жақсы қасиеттерінен айырады»

Ішімдік пен темекі, анаша, компьютерге тәуелділік – мұның барлығы да кең таралған әдеттер. Олардың барлығы да тура жолдан адасуға мәжбүрлейді. Өмірде онсыз да кедергілер көп. Сондықтан бос дүниелерге уақытыңызды құртпаңыз.

6. «Айтқаныңды үш дана қолдаса, оны бір емес, бірнеше рет қайталап айт. Басқа жағдайда көкірегіңді керме»

Қашан, қай жерде болсаң да, айтқан сөзіңе абай бол. Қазіргі таңда адамдар өсек айтуға, орынсыз сөйлеуге құмар. Бірақ сен олардың қатарына қосылма. Нағыз жауынгер аузынан шыққан әр сөзі үшін жауап береді. Ол тек орнымен сөйлейді.

7. «Жаңа жерлерді жаулап, жаңа адамдарды көргенге ешнәрсе жетпейді»

Шыңғыс хан көршілерін жаулап, талай елді бағындырды. Бірақ оны әрдайым өзге халықтар мен адамдар қызықтырып отырды. Өмірде саяхаттап, жаңа жерлерді көруден асқан бақыт жоқ шығар. Мұның барлығы танымымызды кеңейтіп, өмірімізге мән мен мағына сыйлайды. Өмірдің құны саяхатпен, тапқан табысыңмен өлшенеді.

8. «Қарсы алдымда тұрған аттар мен адамдардың жүзін көрген кезде менің қас-қабағыма тәуелді екенін көремін. Ал мен ше?»

Барлығымыздың баратын жеріміз біреу. Құндылықтарымыз уақыт келе өзгеріп отырады. Өзіңді, өміріңді сырттан бақылап үйрен. Әдетте ағыспен қатар жүзіп, қайда бара жатқанымызды байқамаймыз. Тоқта. Жануарларды қума. Өзіңнің не қалайтыныңды анықта. Өмірден өз орныңды тап.

Қ. Бүйенбай