- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Шығыс ғұламалары шындық...
Шығыс ғұламалары шындық пен өтірік хақында
Жалған айтып дүниені жалпағынан басып жүргендер бар. Ақиқатына жетемін деп алқынып жүргендер қаншама? Шындық пен өтіріктің ортасында сабылғандар саны да шексіз болар.
Шындық пен өтірік хақында тәмсілдер аз емес. Ал Шығыс ғұламалары не дейді? Ойшылдар айтып кеткен аталы сөздердің тереңіне үңіліп көрелік.
Жалған сөз - ауру, шаншудай,
Әділ сөз - шипа, жанға жай.
А. Йүгінеки
Бір сөзі өтіріктің бар сөзі өтірік.
А.Йүгінеки
Өтірік сөзден құт қашар.
Ж. Баласағұн
Жалған сөйлеген соңынан ұялар.
Ә.Науаи
Шын сөзге жалған сөз жалғама,
Шын айта алатын тілді өтірік сөзбен былғама.
Ә.Науаи
Жай сұраса - шындап жауап бер.
Ж. Баласағұн
Жалған сөзден жақсылық күтпе:
"Екі нәрсе бір адамға келсе егер,
Жақсылық жоқ, жамандықка жол шегер:
Оның бірі - керексіз сөз, ауан сөз,
Екіншісі - жалған айтқан сөз бекер".
А. Йүгінеки
Шын сөзің - бал, жалған сөзің - жуадай,
Жуа сасып бал иісін қуады-ай!
Шын сөз - шипа, өтірік сөз кесел ғой,
Ескі сөзден осындай ой туады-ай!
А. Йүгінеки
Теріс айтпас кісіге бәрі сенім артады,
Аты шыққан суайтқа қалай ішің тартады.
С.Сарай
Игілікті істі өсек бұзады.
Ж. Баласағұн
Қаш өсектен - бар қабырғаң сөгілер,
Ол жүргенде - ар-ұятың төгілер.
Ж. Баласағұн
Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады.
С.Сарай
Өзгені жуытсаң да, өсекшіні жуытпа.
Ж. Баласағұн
Пайдасыз шындықтан пайдалы өтірік жақсы.
С.Сарай