Шығыс ғұламалары қуаныш пен қайғы хақында

Шығыс ғұламалары қуаныш пен қайғы хақында
Фото: turkmenistan.gov.tm

Қуаныш пен қайғы хақында тәмсілдер мен мақал-мәтелдер аз емес. Ал Шығыс ғұламалары не дейді? Ойшылдар айтып кеткен аталы сөздерді еске түсіріп көрейік.

****

Рахат пен қайғы – жолдас.

Ж.Баласағұни

Қатты куанғанның - қайғысы да қатты.

М.Қашқари

Ердің басын мұң шалар,
Таудың басын жел шалар.

М.Қашқари

Қайғылының көзінше қарқылдап күлме.

Құтып

Қайғы басқанда ағаш атқа жайдақ мінерсің.

Ж.Баласағұни

Қуантар болсаң - асық.
Мұңайтар болсаң - сабыр тұт.

М.Қашқари

Бұл дүниенің қайғысы көп.

Құтып

Өмірде адам көп қайғыны көреді,
Неге сонша көкірегін кереді?!

Ж.Баласағұни

Қара күн туғанша қара суды кешпе.

М.Қашқари

Әр қасірет соңында қуаныш бар.

А.Йүгінеки

Қиындықты көп көрген - керегесін арқалар.

М.Қашқари

Тарығып жүрген - сүйінер,
Қамығып жүрген – қуанар.

Ж.Баласағұни

Қайғылы іс бар, сәтті бар,
Ащымен бірге тәтті бар.

Ж.Баласағұни

Рахат іздесең - бейнетінен қорықпа,
Қуаныш іздесең - қайғысынан қорықпа.

Ж.Баласағұни

Гүл тікенмен бірге өседі,
Қуаныш қайғымен бірге жүреді.

С.Сарай

Пайдасыз қайғыдан арыл,
Қайғы тамақ болмайды.

Құтып

Басқа түскен қиындык қатып қалмайды.

М.Қашқари

Ердің мұңы ұзакка бармайды.

М.Қашқари

Ей, абзал ер!
Болып қалса қол қысқа
- Мұңайма да, шағынбай жүр болмысқа.

Ж.Баласағұни

Уайым жоқ - сөзің тегін кетпесе,
Өкініш жоқ - уақытың бос өтпесе.

Ж.Баласағұни

Н. Үсенова