«Шерағаңның шекпенінде» шәкірт тәрбиелеген Шерхан Мұртаза Қазақ әдебиеті мен журналистикасында қатар өшпес із қалдырды. Барыстай айбарлы да қайратты жазушы ірі адам ірі сөздер ғана айтады дегенге дәлел болады. Бүгін назарларыңызға Шерхан Мұртазаның қанатты сөздерін ұсынамыз.
Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.
Елу деген – ердің, ерлік істердің жасы.
Айтуға – ұят, айтпасаң – қиянат.
Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.
Көлдің – тақырға айналуы оңай,
Байдың – пақырға айналуы оңай.
Орындалған арман – бақыт,
Орындалмаған арман – күйік.
Баласыз адам — бақытсыз адам.
Рухы мен намысы сөнген ел – өлген ел.
Көркем әдебиет – ауыр артиллерия болса, публицистика – жеңіл кавалерия.
«Тәуелді» деген ұғымды тудырған күштілер мен обырлар.
Әр адам — бір-бір жұмбақ.