Шабыт деген не?

Шабытты әркім әрқалай бағалап, әрқалай түсінік беріп жатады. «Адамдармен интенсивті қарым-қатынас жасағысы және белсенді жұмыс істегісі келуімен, сергек күймен ілесіп жүретін көтеріңкі көңіл күй» деген де түсініктеме бар. Ал танымал тұлғалар не дейді?

***

Көз көрсе – шабыт келер.

М. Қашқари

Шабыт! Ол адамның дарынына, еңбегіне қанат беретін ұлы күш!

І. Есенберлин

Шын оқымыстыны шабыттандыратын атақ та, бақ та емес. Адамға күш, қуаныш, шабыт беретін қашан да болса жеңіс пен табыс қой.

І. Есенберлин

Арманға жету тілегі адамды әрқашан да шабыттандырады.

І. Есенберлин

Шабыт тек іздеген адамға кезігетін қонақ... Жалқау адамға шабыт жуымайды.

Петр Илич Чайковский

Шабыт – жалқаулардың үйіне бас сұқпайтын тәкаппар ару.

Петр Илич Чайковский

Шабытты сақтау керек. Ол – шығармашылықтың нақты құралы, сүйіспеншіліктің дәнекері, ұзақ өмірдің арқауы.

А. Богомолец

Шабыттың өздігінен келіп, тербелтіп оятуы қажет емес, тіпті жақсы, келмейді екен – бәрібір жұмыс істей беріңіз.

И.С. Тургенев

Шабыт дегеніміз – ғаламат көрінген істің оп-оңай орындалуы. Ондайда сызу да, жазу да, ою да, әлденені жасай салу да – әсерлі, әдемі.

Я. Корчак

Шабытты қозғаушы күш деп есептеу менімше қате. Мүмкін, шабыт жақсы жұмыстың барысында оның нәтижесі ретінде пайда болар.

М. Горький