- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Он бес жас...
Он бес жас құйын қуған желменен тең...
Бір жолы қырғыз Қызылым қарт Жиреншеге кездесіп қалып:
- Шешен, сізден сұрайын деген бір жоғым бар еді. Он бес лақ, жиырма бес серке, отыз бес орақ, қырық бес қылыш, елу бес егеу, алпыс бес арқан, жетпіс бес шідер жоғалттым. Осыған құлағдар болыңызшы,— дейді.
– Жарайды, – дейді Жиренше шешен. – Жоғыңыздың жөнін айтып берейін, өзіңіз тауып алыңыз.
– Он бес жас құйын қуған желменен тең,
Жиырма бес дауыл ұрған перімен тең,
Отыз бес ағып жатқан селменен тең,
Қырық бес аю аспас белменен тең,
Жетпіс бесте көңілің жерменен тең,
Сексенде селкілдеген шал боларсың
Тоқсанда толық миың орта түсер,
Жүзде дүниеден күдеріңді үз,
Өлмесең де өліден кем боларсың,— дейді.
– Әттеген-ай... Өзіме жиырма бестегі жігіттей едім, көңілімнің жердей болғаның қарашы, – бекер-ақ сұраған екенмін, деп сонда Қызылым қарт жантая кеткен екен.
Ж. Жұмағұлов