Өмірдің мақсаты − алға ұмтылу

Өмірдің мақсаты − алға ұмтылу
Фото: gorodkirov.ru

Арман, мақсат жолында өмір сүрер болсақ, өмір сүру үшін де осы екі дүние аса қажет-ақ. Мақсаты айқын, арманы асқақ адам кез келген белесті бағындырып, діттеген жеріне жете алады. Сонымен қатар мақсат жолында қанша адам өзін қамшылап, талпынып аяғына жетер болса, енді бірі жарты жолдан қолын бір-ақ сілтей салады. Ендеше назарларыңызға мақсат, мақсаткерлік жайында ұлылар айтып кеткен ұлағатты сөздерді ұсынамыз.

Адам баласының ең жаманы - талапсыздық.

Абай Құнанбаев

Әркім өзі талпынбақ,
Басына бітер бағы үшін...

Ақтамберді жырау

Қабақ шытпа шөл жерде,
Жатқа сырын білдірме.
Жігіт шағың келгенде,
Тісің болса шайна тас.

Мақтымқұлы

Адам не істесе де белгілі мақсатпен істейді... Іске қол ұрғызатын да, оның бітуіне шабыт, жігер беретін де сол мақсат.

Мұxаметжан Қаратаев

Талап деген бір жүйрік тұлпар сынды,
Бабын таппай мінгенді қылар жынды.

Шәкәрім Құдайбердиев

Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана - шын мәнінде қымбат табыс.

Мұxтар Әуезов

Ізденсе, талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмақ емес.

Жүсіпбек Аймауытов

Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс.

Цицерон

Егер мақсатың болмаса, түкте тындыра алмайсың, ал мақсатың мардымсыз болса, ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың

Дени Дидро

Ешқашан жаңылмайтын адамдар бар, өйткені олардың ешнәрсе істеуге мойны жар бермейді.

Иоганн Вольфганг Гете

Бәрінен күшті адам - өзіне-өзі сенетін адам.

Луций Анней Сенека

Алға ұмтылу −өмірдің мақсаты осы ғой.

Максим Горький

Әлі орын теппеген, алайда толғандыратын, жүзеге асуы мүмкін болып елестейтін мұратты жетекшілікке ала отырып, өмір өрістей береді.

Максим Горький

Ұйықтар алдында, өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

Пифагор

Әркімде сенген ісін орындауға жетерлік күшті қайрат болады.

Иоганн Вольфганг Гете

Біріншіден, ештеңені де себепсіз және мақсатсыз істеме. Екіншіден, қоғамның пайдасына аспайтын ештеңені істеме.

Маврелий

Қолынан келетін істі істемейтін бақытсыз жазған өзі түсінбейтін нәрсеге жабысады.

Иоганн Вольфганг Гете

Біздің еркіміз, біздің бұлшық еттеріміз сияқты, ол тоқтаусыз үнемі болып тұратын түрлі іс-әрекеттердің нәтижесінде нығайып күшейеді.

Константин Дмитриевич Ушинский

1. Ерекше сабырлылық, ең болмағанда сырттай сабырлы болу;
2. Сөз бен істе әділ болу;
3. Қимыл-қозғалыстың ақылға қонымдылығы;
4. Тез тоқтамға келе алу;
5. Өзің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау;
6. Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбай, тек көңілге алған ісіңмен ғана айналысу,
7. Қажетті не ұнамды нәрсеге ғана бой ұру, көрсе қызарлыққа салынбау;
8. Әр кез өзің істеген іске мұқият есеп беріп отыру;
9. Еш уақытта да өткендегі, не қазіргі, не алда болатын ісіңмен мақтанбау;

Константин Дмитриевич Ушинский

Адамның қызметі биік идеямен руxтанбаса, жеміссіз де түкке тұрғысыз.

Николай Гаврилович Чернышевский

Іс - мақсатына қарай бағаланады, ұлы мақсат болса, бұл ұлы іс деп аталады.

Николай Гаврилович Чернышевский

Адамның ілгерілеу талабы неғұрлым биік болса, соғұрлым оның қабілеті, таланты тез, өмірлі болып дамиды.

Николай Гаврилович Чернышевский

Пікір күшті болса, іс те күшті болмақ.

Уильям Шекспир

Мақсатсыз әрекет жоқ, қызығусыз мақсат жоқ, ал әрекетсіз өмір жоқ. Мақсат, қызығу - іс-әрекеттің көзі, қоғамдық өмір субстанциясы.

Виссарион Григорьевич Белинский

Мақсатсыз іс-әрекет - тұл... ал іс-әрекетсіз өмір - тұл.

Виссарион Григорьевич Белинский

Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара.

Иван Сергеевич Тургенев

Үлкен мақсатқа жетуді көздеген адам өзі туралы ойлануы қажет.

Иван Сергеевич Тургенев

Өмір адамдарды жеңілу үшін емес, жеңу үшін күресуге міндеттейді.

Эрнст Тельман

Жігер жоқ жерде, жол тұйық.

Джордж Бернард Шоу

Өзіне және өзінің қылықтарына сын көзімен қарауға дағдыланып алмайынша, өзіңде күшті ерік тудыру қиын. Өз-өзіңе зор талаптар қоя білу - еркі күшті адамның белгісі.

Борис Миxайлович Теплов

Әрбір кішкене жұмыстан түпкі мақсатқа жетудің баспалдағын көре білу - адамның идеялы болуының ең жақсы көрсеткіші.

Борис Миxайлович Теплов

Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады.

Людвиг Андреас Фейербаx

Біз өз міндетімізді жүзеге асыруға өте әлсіз болған күнде де оны іске асыру жолында неғұрлым жақсы жұмыс атқаруға айтарлықтай мықтымыз.

Ромен Роллан

Біздің мақсатымыз... игі мақсат, бұл мақсатқа жетуге ажал ғана бөгет жасай алады

Сальвадор Альенде

Жалындап жанбаған адам, бықсып сөнеді - бұл заң. Жасасын өмір жалыны.

Николай Александрович Островский

Өмірдегі ең үлкен трагедия - күресті тоқтату.

Николай Александрович Островский

 

О. Сансызбай