Қадыр Мырза Әлидің поэзиясын оқысаңыз да, прозасына көз салсаңыз да, терең пәлсапаға тұнып тұр. Оны көзбен шолып шығу мүмкін емес, бірнеше рет оқып түсінуді қажет етеді. Сондай философиялық ойларының ішінен қанатты сөзге айналған қаймақтарын қалқып ұсынып отырмыз.
Қарыз алатындардың көбі – қарызды қайыра алмайтындар.
Жымия білген адамның жан жүрегі сұлу. Сүйе білмеген жүрек шикі етпен бірдей.
Махаббат ол – ең алдымен өмір. Ал өмір біз ойлағаннан гөрі күрделі, әлдеқайда күрделі құбылыс.
Отбасындағы ойран, ұрыс-керіс Алланың қаhарын туғызады. Мұнда алдымен балалар азап шегеді. Өзгесі түк емес...
Сен махаббатпен ойнасаң, тағдыр сенімен ойнайды.
Сүйген екенсің таусылып сүй, екінші біреуге қарайтын хәлің болмасын!
Адам санасын болмыс билейді. Махаббат – болмысың...
Өнер жүрген жерде еліктеу болмай тұрмайды.
Ғашықтар ұжымақты тірісінде көреді.
Әйелді қорлау – анаңды қорлау: өйткені, өз анаң, екіншісі - балаларыңның анасы.
Таздың басына, пұшықтың мұрнына қона салатын соқыр бақыт сықылды емес, Даңқ – ешкімнің ырқына көне салмайтын бірбет құбылыс.
Ғашықтар уақытша болса да ұжұмақ тұрғындары.
Ғашықтың бір күні ғасырға татиды.
Ең үлкен махаббат – халық махаббаты.
Жігіт бақытты болу үшін оның өзі бір қызды бақытты қылуы керек.
Әртүрлі дарындар түгіл, бір дарынның өзі кейде өзіне-өзі ұқсамайды.
Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тіл.
Ғашықтардың арасындағы бір сәттік түсінбестік - сезімнің соқыр жаңбыры...
Адам ғана емес, бүкіл адамзаттың бағыты hәм бақыты (немесе соры) –махаббат.
Ақын – жазушылардың бәрі болмағанмен, біразы әдеби есірмен.
Махаббат деп есіңнен айырылған күн мен есіңді жиған күннің арасын айтады...
Абыройыңнан айырылып, адамдық қасиетіңді аяққа таптап, күн сайын мың өлгенше, дұрыстап бір өлген де жөн шығар.
Ғашықтың көзі – өзге көз. Жеткізе алмайсың сөзбе сөз!
Нағыз қайыршы ұрлық жасамайды.
Миға кірген ой, шөңгеден де жаман.
Махаббат деген Құдайдың құпиясы. Оны ғашықтардың өздері де түсіндіре алмайды.