- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Мықты болсаң, өзіңнің...
Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең
...адам жеке өзінің ерік-жігеріне қарай ұлы немесе ұсақ болады.
С.Смайлс
Ештеңе де өзінен-өзі, ерік-жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз істелмейді. Адам еркі, тек қана берік адамның еркі – ғаламат күш.
А.И.Герцен
Ақыл еріктің жолын жарықтандырады, ал ерік іс-әрекеттерге әмірін жүргізеді.
Я.Коменский
Ерік – іске айналған ой емегенде немене!
А. А.Бестужев-Марлинский
Өзімізден-өзіміз ақталу үшін көбінесе мақсатқа жетуге шамамыз жетпейді деп өзімізді сендіріп жатамыз, ал шынында ғой біз әлсіз емес, ерік-жігерсізбіз.
Ф.Ларошфуко
Ең ұлы жеңіс – өзіңді-өзің жеңу.
П.Кальдерон
Ең алдымен өзіңді-өзің үйрет, сонда сен басқалардан бірдеңе үйренесің.
И.Гете
Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,
Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең.
Абай
Өзіңді-өзің жеңу – сәттіліктің үлесі жоқ бірден-бір салтанатты мереке.
Р.Шеридан
Бәрінен күшті адам – өзіне өзі ие адам.
Сенека
Принципсіз әрі ерік-жігерсіз адам рулі мен компасы жоқ кемеге ұқсас, ол жел қалай соқса, солай өзінің бағытын өзгертіп отырады.
С.Смайлис
Берекесізді бақыт та жарылқай қоймайды.
Софокл
Үлкен ерік – әлденені қалап, соған қол жеткізе білушілік қана емес, сонымен қатар керегі жоқ кезінде әлденеден өзін бас тартқыза білу де. Ерік дегеніміз – жай ғана тілек емес, оның үстіне сол тілекті қанағаттандыру да, ал мұның өзі әрі тілеу, әрі тоқтау, әрі тілеу, әрі бас тарту.
А.С.Макаренко
Басқаларға көп нәрсені кешір, өзіңе ештеңені кешірме.
Пубиилий Сир
Беріктік – ақыл-парасат пен еріктің одағына сүйенген күш. Қасарыспалық – күш кейпіндегі осалдық, бұл ерік пен ақыл-парасат одағындағы тепе-теңдіктің бұзылуынан болады.
В.А.Жуковский
Қ. Бүйенбай