- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Көне күнтізбе: Әр...
Көне күнтізбе: Әр өңірде ай аты әртүрлі
Көшпенді халық көне заманнан бері аспан мен жұлдыз әлемін зерттеп, табиғаты мен шаруашылығына сай келетін біртекті күнтізбе жүйесін жасаған. Мұны көне заман білімі десек болады. Күнтізбе жүйесін жасауға тірек болған ұғымдар уақыт ауысқан сайын алмасып отырған. Содан болса керек, Қазақстанның әң өңірінде ай атаулары әртүрлі келеді. Әртүрлі келетін себебінің бірі - әр өңірде әртүрлі климат пен ауа-райы. Содан амал аттары мен ай аттары бір-бірімен араласып, бір болып кеткен.
Ә.Диваевтsң Жетісу қазақтарының тілдік қорынан жинаған ай атауларының реті келесідей: көкек, мамыр, маусым, саршатамыз, шілде, сүмбіле, мизан, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, наурыз. Ал Б.Кенжебаев ай атауларының 3 нұсқасын ұсынады. Алғашқы нұсқа – әз, от жақпас, көкек, шілде, сарша, қыркүйек, мизан, қараша, қазан, қаңтар, ақпан, бірдің айы. Екінші нұсқа – көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, мизан, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан, бірдің айы. Үшінші нұсқа – екі ағайынды, наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз сарша, қыркүйек мизам, қыркүйек мизам, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар.
Осыдан болу керек, Қазақ КСР Ғылым академиясы кітапханасының қолжазба қорындағы бір материалда қазақша ай аттары 17 түрлі болады, олар былай болып келеді деген: отамалы, сәуір, май, жыл тоқсан, шілде, сарша, тамыз, сүмбіле, жаз тоқсан, қыркүйек, қазан, қараша, күз тоқсан, қауыс, қаңтар, ақпан, қыс тоқсан.
Мұнан басқа шығыс-солтүстік Қазақстанның кей жерлерінде қазақша ай аттары: әз, от жақпас, көкек, шілде, сарша, қыркүйек, мизан, қараша, қазан, қаңтар, ақпан, бірдің айы деп аталады екен де, кей жерлерінде: көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, мизан, қазан, қараша, жел тоқсан, қаңтар, ақпан, бірдің айы деп аталады екен.
Осы сияқты, оңтүстік-шығыс Қазақстанның кей жерлері казақша ай аттарын: екі ағайынды, наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз сарша, қыркүйек-мизан, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар деп атайды, кей жерлері тоғыстап айтады: тоғыз тоғыс, жеті тоғыс, бес тоғыс, үш тоғыс, бір тоғыс, сарша, тамыз, он тоғыз тоғыс, он жеті тоғыс, он бес тоғыс, он үш тоғыс, он бір тоғыс.
Сонымен, зерттеулерде көрсетілген ай аттары деген сөздерді тізсек, олар мыналар болады: әз, наурыз, көкек, мамыр, от жақпас, отамалы, жыл тоқсан, маусым, шілде, тамыз, сарша, жаз тоқсан, қыркүйек, қазан, қараша, қаңтар, күз тоқсан, ақпан, бірдің айы, екі ағайынды, қыс тоқсан.
Өңірдегі ай атаулары
Әлім | Қыпшақ | Арғын | Қаракесек арғын | Абақ керей | |
Наурыз | Қамал | Хамил | Наурыз | Көкек | |
Сәуір | Сауыр | Сауыр | Отамалы | Отамалы | Мамыр |
Мамыр | Жауза | Зауза | Көкек | Көкек | Маусым |
Маусым | Саратан | Саратан | Шілде | Шілде | Шілде |
Шілде | Әсет | Әсет | Тамыз | Тамыз | |
Тамыз | Сүмбіле | Сүмбіле | Боқырау | Сүмбіле | |
Қыркүйек | Мизан | Мизан | Қараша | ҚыркүйекМизан | |
Қазан | Ақырап | Ақырап | Қаңтар, ақпан | Қазан | |
Қараша | Қауыс | Қауыс | Қараша | ||
Желтоқсан | Желде | Жәдді | ЖелдеТоқсан | ||
Қаңтар | Дәлу | Дәлу | ҚаңтарӘсет | ||
Ақпан | Хұт | Құт | Ақпан, үт | Наурыз | |
Тобықты | Мұрын найман | Найман қаракерей | Жалайыр | Балғалы жалайыр | |
Наурыз | Көкек | Көкек | Көкек | Көкек | |
Сәуір | Мамыр | Мамыр | Мамыр | Мамыр | |
Мамыр | Маусым | Маусым | Маусым | Маусым | |
Маусым | Шілде | Шілде | Шілде | Шілде | Шілде |
Шілде | Тамыз | Тамыз | Тамыз | Сарша тамыз | Тамыз |
Тамыз | Мизам | Мизам | Мизам | Мизам | Саратан (зауза) |
Қыркүйек | Қазан | Қазан | Қазан | Қазан | ҚыркүйекМизам |
Қазан | Қараша | Қараша | Қараша | Қараша | Қараша, қазан |
Қараша | Желтоқсан | Тоқсан | Желтоқсан | Желтоқсан | Желтоқсан |
Желтоқсан | Қаңтар | Қаңтар | Қаңтар | Қаңтар | Қаңтар |
Қаңтар | Ақпан | Үштің айы | Үштің айы, ақпан | Екі ағайынды | Екі ағайынды |
Ақпан | Бірдің айы | Бірдің айы | Бірдің айы | Наурыз |
Ал Қытай қазақтарында бірдің айы, екінің айы, үштің айы деген атаулар бар. Бұл - ақпан, қаңтар мен наурыз айлары. Күнтізбелік айды реттік нөмірмен айту ежелгі түркі халықтарының дәстүрінен.
Қ. Слямбек