- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Қазақтың түсінігіндегі "көз"...
Қазақтың түсінігіндегі "көз" ұғымы
Әр халық әлемді, қоршаған ортаны өзінше таниды. Өзінің сезім және таным түйсігімен қабылдайды. Сондықтан кей түсінік әр халықтың сөздігі мен санасында әртүрлі мағына береді. Сондай ұғымдардың бірі – көз.
Адамның жан дүниесін тануда көздің атқаратын рөлі ерекше. Көз – адамның айнасы. Қазақ халқы үшін адамның жан дүниесі мен мінез құлқын танып білу үшін оның көзіне қарау жеткілікті болған. Мысалы тілімізде көздің мынадай түрлері бар: тана көз, бота көз, бадана көз, айна көз, қарақаттай көздер, жәудір көз, күлім көз, көген көз, қой көз, қоңырқай көз, тұның, мөлдір көз, мойылдай көз, тұнжыр көз, нәркес көз, тостағандай жанар, елегізген еліктің жанарындай, қос жұлдыздай қос жанары.
Есім сөздерге сын есім тудырушы жұрнақтардың (-дай, -дей, -тай, -тей) жалғануы арқылы қарақаттай, мойылдай, тостағандай, жұлдыздай, еліктің жанарындай сын есімдері жасалып көз әдемілігін көрсетуде ерекше мән үстеп тұр. Әйел сұлулығын тануда көзге қатысты эпитет, теңеулер әр жазушы танымында ұлттық дүние суретіне сай, алайда алуан түрлі сөз өрнегімен өріледі. Мысалы, М.Әуезов сұлулық үлгісі ретінде "шошақтау біткен үлкен қой көз, нұрлы көз, ойлы көз, шұғылалы көзді" таныса, ал Ғ.Мүсірепов танымына "үлкен қара көз, бота көз, құралай көз, айна көз" сияқты эпитеттер жақын.
Адамның сұлылығы мен әдемілігін сипаттауда "қас" пен "кірпіктің" рөлі ерекше: қалам қас, қиғаш қас, имек қас, айдай боп қиылған жіп-жіңішке қас, жаңа туған айдай иілген қас, шағаланың қанатындай қиылған қас, шолпандай алтын кірпігі, найзадай ірі кірпігі, егіншінің қол орағындай қас, доғаланып жатқан өзен нобайындай жіңішке қас, т.б. Қас та қыздың сұлулығын танытуда әдемі теңеулер қолданылады. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабар жендеттің жебесіндей... (М.Әуезов).
Aдaм дәл осы көз aрқылы aқпaрaттың 80%-ін өзіне қaбылдaй aлaды. Кейде aдaмзaт тaнымы көзді үлкен мaгиялық күштерге, тылсым әлемге бaлaп жaтaды. Мәселен, Күн мен Aй Құдaйдың көзі деп тұжырым жaсaғaн ежелгі aдaмдaр. Плaтон көзді "негізгі күн құрaлы" деп aтaғaн. Бір жaғынaн, көздің мистикaлық мaғынaсы үлкен символикaлық белгіге aйнaлып отыр, мәселен, жaрық, сәуле, білім, aқыл, кемелдену, қырaғылық, қорғaныс тәрізді ұғымдaрды өзіне сыйдырып отырсa, екінші жaғынaн көз – бұл өте шектеулі әрі шектелген шектен aры жетпейді.
Көз адамның өміріндегі ең маңызды мүше екені әрқашан тілде көрініс тапқан. Сол себепті адам өміріндегі ең бір маңызды, аяулы адамды көздің қарасына теңеген. Мәселен, қазақ тіліндегі көзінің қарасындай, көзінің ағы мен қарасы деген тіркестер осыны дәлелдей түседі.
"Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде" көз сөзіне қатысты мынадай анықтамалар бар: 1. Адамның, жан-жануардың көру мүшесі. 2. Адамның жіп я басқа да бір нәсре өткізетін тесігі. 3. Бір нәрсенің шығар жері, қойнауы. 4. Бір нәрсенің шығар жері, қойнауы. 5. Өткеннен қалған нәрсе; біреуге арналған ескерткіш, мұра, ұрпақ. 6. Ауысп. Ақыл, ес, сана.
Солардың ішінде "көз"-ге қатысты соматикалық фразеологизмдер бірінші орында, олардың жалпы саны – 172. Олардың ішінде: етістік мағыналы – 135, сындық мағыналы – 16, заттық мағыналы – 16, үстеу мағыналы – 5.
Көз, ең біріншіден, қарау, көру қимыл әрекетінің жалпы болмысы екенін баса айтуымыз қажет. Көздің басты функциясы көру болғандықтан, халық танымындағы көзге қатысты ұғымдар көруге, оның әртүрлі жан-жақты сипаттарына байланысты: көз айырмады, көз алмады, көзбен шолды, көзге көрінді, көзге түсті, көзге шалынды, көзге ілінді, көз жазбау, көз жүгіртті, көз қиығын тікті, көз қырын салды, көзін сату, көзі мөлдіреді, көзі жаутаңдады, т.б.
Көруден өзге көздің биологиялық құбылыстарының бірі – жас шығару. Көзден жастың өзі белгілі бір эмоциялық күй кешкенде шығады, мұның барлығы адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниесінің тоғысқан тұсы деп тануға болатын аймақ болып есептеледі: көзінің жасы кеппеді, көзі бұлаудай болды, көз жасын тыю, көздің жасын бұлады, т.б. Адам қайғырғанда, қатты сезім жағдайын импульсив түрде қабылдаған кезде ағады. Одан өзге, тұмау тәрізді сырқаттанған кезде де көздің жасы ағатыны белгілі. Көзден жастың шығуының бір себебі – жан дүниенің тебіренісі, алуан сезімнің толқынысы. Халық түсінігінде адам қайғыда да, қуанғанда да жылайды. Оның бірін қуаныштың жасы, ал біреуін қайғының жасы дейді. Одан өзге қазақ халқының түсінігінде көз қайғы мен қасіретті демонстрациялаудың тура каналы болғандықтан адамның қайғысынан хабар беретін бөлік саналады. Әрі көз жасы шығуы үшін де қайғының, ал қайғыға әсер етуші субъектінің болуы шартты делінеді. Сондықтан болса керек, халық танымында әрбір көз жасының сұрауы бар деп жорамалдайды: көз жасы қабыл болды, көз жасы жең бермеді.
Көз – адамның жанары. Ол оттай жанып тұрған уақытында адамның әл-қуаты да мықты. Адамның көзі ешқашан жұмылмақ емес. Сондықтан қазақтың танымында көздің жұмылуы тек өлімді ғана білдіретін болған, ал соған сәйкес көздің тірі болуы адамның да тірі болуын білдірген: көзі тірісінде, көз жұму.
Қарсылық, ашу, ыза: көз алартты, көзі өңменінен өтті,
Адам қасиеті: көзтаныс, көз байлаушы, көз бояушы
Жексұрын болу: көзге күйік болды, көзге шыққан сүйелдей, көзге түскен биттей, көзтүрткі
Әдемі емес, сүйкімсіз: көзге қораш
Ыстық сезіну: көзге оттай басылу
Қараңғылық: көзге түртсе көргісіз
Әдемілік: көздің жауын алды
Жоғалу: көзден ғайып болу, көз жазып қалу
Сақтау: көздің қарашығындай сақтау
Арақашықтық: көзкөрім жер, көз көрмес, құлақ естімес жер, көз ұшында
Тез қимыл: қас пен көздің арасында, көз ілеспеді
Интеллектуал: көзі ашық, көзі қарақты, көзі ашылу
Қорлау: көзіне көк шыбын үймелету, көзіне шөп салу
Қуану: көзі шырадай жанды
Көз, сонымен бірге халық танымында уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген ұғымдарды жасауға ерекше ықпал етеді. Негізінен қан, ауыз, аяқ, иек, қас тәрізді анатомиялық атаулар да жоғарыда аталмыш ұғымдарды жасауға тірек бола алады. Мысалы:
Көз ілеспеу – лезде, дем арасында.
Көзді ашып жұмғанша – лездің арасында, қас пен көздің арасында, әп-сәтте.
Көз байланған кез – ымырт жабылды, қас қарайды, қараңғы түсті.
Көзге түртсе көрінбейтін қараңғы//Көзге түрткісіз қараңғы//Көзге түртсе көргісіз қараңғы// Көз түрткісіз – тас түнек қараңғы, жеті қараңғы түн
Әдемі көзді бота көз, тана көз, қарақат көз, жәудір көз, құралай көз, ал адамның түрлі психикалық-физиологиялық ерекшеліктерін жаутаң көз, жылан көз, қырғы көз, ойлы көз, отты көз, өткір көз деп айту арқылы білдірген. Көз – адамның айнасы, адамның ішкі жан дүниесі мен көңіл-күйі, махаббаты, кегі, жанашырлығы, құмарлығы, жек көруі, қуанышы, қайғысы, үміті, арманын айқындайтын ұғым ретіне қолданылады.
Адамға жақсылық та, жамандық та, бақыт та, сор да көзден келеді деп білетін қазақтың сөздің сұғы әйелдерді екіққабат қылады, ағаш-шөпті қуратады, істі кері кетіреді деп нанады. Қазақтағы көз тиеді, сұқ қадалады деп ырымдайтын, ерекше асыл бағалы нәрселерді көргенде көзіне күртетін әдеттің бәрі осыдан шыққан. Қазақта көз жасы туралы біраз ырым бар. Мысалы, көздің жасын мәйітке, табытқа тамызбайды. Көздің жыбырлауын көз тартты деп не жақсылыққа не жамандықққа жориды.
Халық арасында адамның көзі дүние-байлыққа өлгенде ғана тояды, сондықтан адам ынсап, қанағат қылмаса, көзі дүниеге тоймай өтеді деген түсінік бар. Өлген адамның көзін жұму да осындай ұғымға байланысты.
Адам көзінің пішіні мен қасиетіне ұқсастырып, ішінде суы бар, түйін болып көрінетін мал ауруын, ағашты шор біткендерін, будырмағын, зергелік әшекейлерге қондырылған асыл тастарды, олардың қондыратын ойықты да көз деп атау қалыптасқан.
Мәселен, көз ат аяғында кездеседі, ішінде суы бар түйін, яғни, ауру атауы. Көз сөзі зергелік бұйымдардарға байланысты әртүрлі ұғымдарды білдіреді: көз – жүрік, білезік, қапсырма сияқты әшекей бұйымдардың бетіндегі асыл тас қондыруға арналған ойық, ұя, қауашақ; көз – құйысқан, жүгенге орнатқан күміс күмбез; көз – білезікке салынатын дөңгелек пішінді ою; көз – білезік, жүзік тәрізді бұйымдарға қондырылған асыл тас; көз – моншақты әрбір тасының бетіндегі ақ түсті бүршік, күміс.
Сонымен, көз компонентінің мынадай лексика-семантикалық топтары бар:
1. Нaзaр aудaру: көз aлдындa болу, көз aлдындa ұстaу, көзден тaсa етпеу, көзінен тaсa қылмaу, көз aлмaу, көз болу, көз жaзып қaлу, көзден ғaйып болу, екі көзі төрт болу.
Бұғaн қосa бұл сaнaтқa имперaтивті құрылымдaр дa жaтaды: Көзден жоғaл! Көзіңді жоғaлт! Көз aлдымнaн кет! Көзге көрінбе!
2. Физикaлық жaй-күй: көзі жұмылу, көзі қaрaуыту, көз жaсы дaйын, көзі құрғaмaйды, көзі қaнтaлaды, көзі қaрaйды, көз жұму, көзінің оты шығу.
3. Сезім жaғдaйы: көзі шaрaсынaн шықты, көзбе-көз, көздің қaрaшығындай, көзін жұмып қaрaу, көз aлмaй қaрaу, көз түркісіз қaрaңғы, көзге күйік болу, aлa көзбен қaрaу, көзге шыққaн сүйелдей, көз тaйдырмaй қaрaу.
4. Aдaмның сaпaлық қaсиеттері: қырaғы көз, жaпaлaқ көз, көзі ойнaу, көзінде от ойнaғaн, көзі aшық, aшкөз, өзі тойсa дa, көзі тоймaйды, көзі тұздaй.
5. Aдaм әрекеті мен іс-қимылы: көзбен жеді, көзінің жaсын көл қылу, көзіне aйту, көз өту, көзіне көк шыбын үймелету, көзін жaсқa толтыру.
6. Бaғaлaу мен қaбылдaу: көз қуaнaды, көз мөлшерімен, көзімен aту.
7. Aқпaрaтты жинaу әрі қорыту: көзін жыпылықтaту, көз aлдынa тұру.
Көз – көру мүшесі, адамның әлемді тануына, көруіне әрі қабылдауына мүмкіндік беретін мүше, қоршаған кеңістікте бағыт алуға көмектесетін «компос».
Сонымен бірге, көз қандай да бір форманы (сфералы, симметриялы), көлемді (қос, жұп) білдіре алатын концептуалды нысан.
Көз ағылшын әлемінде келесідей бірліктерге концептуалдана алады:
1. Адамның физикалық жай-күйінің көрсеткіші: blear-eyed – сығыр көз; boss-eyed – қыли; cross-eyed – қыли көз, шапыраш; tired eyes – шаршаңқы көздер, tear-reddened eyes – қызарған, жас аққан сөз, watery eyes – жасқа шыланған сөздер.
2. Адамның эмоциясы мен сезімі: cold-eyed – парасатты, evil-eyed – қызғаныш, fire-eyed – отты көзқарас; expressive eyes – сезімге толы көздер, fierce eyes – қанішер, frightened eyes – үйреуі ұшу, happy eyes – бақытты сөздер, hopeful eyes – сенім ұялатады, laughing eyes – күлкілі көздер, loving eyes – ғашық көздер.
3. Адамның қасиеті мен мінезінен хабар береді: cunning eyes – қу, curious eyes – қызыққұмар, honest eyes – адал, greedy eyes – ашкөз, сараң, kind eyes – мейірімді, sly eyes – айлакер, әккі;
4. Адамның ақылы мен қабілетіне индикатор бола алады: intelligent eyes - интеллектуалды, keen eyes – алғыр көздер, sharp eyes – тапқыр, shrewd eyes – парасатты, mad eyes – ақылсыз, есалаң, stupid eyes - ақымақ;
5. Эстетикалық бағалау: beautiful eyes – әдемі көздер, fine eyes – өте сұлу, хас сұлу, unattractive eyes – көріксіз, ажарсыз;
6. Адамға залал келтіру: to give sb the evil eye – көзі тию;
Бауыр – туыстық атау. Дәстүрлі ортада бір әке-шешеден туған, жақын немере, туысқан дамдар бауыр деп аталады. Бір әкеден, бір анадан туған ағайынды адамдарды бірге туған бауыр, бірінен кейін бірі туған бір әкенің балаларын тете бауыр, бір әкеден туған, жастары үлкенді-кішілі адамдарды туған бауыр дейді. Кейде немесе, шөберелер, тіпті рулас адамдар да бірін-бірі бауыр дейді.
Ағылшындықтар үшін "көз" бұл жаңа әлемді көру мен елестетудің, басқалай айтсақ, "көз" - "терезе", "көз" - "айна" метафоралық үлгілерін құрушы бірлік болып табылады. Яғни, адамның көзі оның жан дүниесінен, қиналысы мен уайымынан, сезімі мен күйзелісінен хабар беретін әлем танылады. Бұл танымды his eyes reflected his anguish – оның көзінен қайғы табы білініп тұрды – сөз тіркесінен, сонымен бірге келесі мақалдардан да тануға болады: The eyes are the window of the soul – а көз – бұл жанның айнасы; A friend’s eye is a good mirror – досыңның көзі – жақсы айна.
Көздің бұлай концептуалдануы ағылшын халқының танымында көздің адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниесінің арасындағы қандай бір шекараның, түйіскен аймақ ретінде қабылдайтыны айқындалады. Сонымен бірге the eye is the pearl of the face мақаласында көздің адамның жауһарына, яғни, сұлулығына балау уәжділігі жатыр: көз – жанардың жауһары.
Көз адамның ішкі жан дүниесінен хабар бере отырып, оның эмоциялық жай-күйін, сезімнің өте кең өрісін ашып көрсетеді: ашу, кек, жылулық, құрмет, қуаныш, үміт, сенім, қорқыныш, қайғы. Одан өзе қызыққұмарлық, ақ көңілділік тәрізді ерекше қасиеттерді де бере алады.
Сонымен бірге ағылшын халқының метафоралық ойлау жүйесінде көздің нұр, жарық ретінде қабылдау орын алған. Егер жарық болатын болса, бұл – адамның жағымсыз эмоциясы, ал қараңғылық болатын болса, бұл – адамның жағымсыз эмоциясы. Eye лексемасының be alight with sth, blaze, flare, flash, gleam, glint, glisten, glitter, glow, light up, shine, smoulder, spark, sparkle, twinkle етістіктерімен тіркеуі адамның сезімін, махаббатын, қуанышын білдереді. "She laughed, her eyes alight with excitemen. His eyes blazed with menace" – Оның көздері күліп тұр. Ол мені ала көзімен атып отыр".
Қ. Слямбек