Қазақ тілінде көп кездесетін дене атауының бірі - ауыз. Қазақ әдеби тілінің түсіндіме сөздігінде "ауыз" соматизміне қатысты 206 тұрақты тіркес кездеседі. Бұл мәліметке қарай отырып, қазақ тілінде ауыз соматизмінің активті соматикалық лексика қабатына жататынын байқаймыз. Ендеше "ауыз" атауының халық түсінігінде мәні мен семантикасын талдап көрейік.
Халық танымында "ауыз" түсінігіне көп мән береді. Әсіресе, халқымызда "ауызды" "халық, ел, жұрағат, ру" мағынасында жиі қолданатыны еске түседі. Мәселен "алты алашты" кейде "алты ауыз", "елдің алты ауызы" тәрізді тіркестермен алмастырады. Осыдан халықтың, рулардың арасында бұзылған бірлікті "алты ауыз", "ала ауыз", "ауыз бірлік" деп айтатын болған. "Ауыз" дегеннің өзі халықтық танымдық ойлау жүйесінде сөз екенін ескерсек, онда мұндай "сөздің бірлігі, сөздің алалығы, сөздің алтылығы" болып шыға келеді. Әр рудың сөзі әртүрлі болса, оның ісі де, әрекеті де әртүрлі болып шықпақ. Бұл берекесіздікке, бірліксіз ғұмыр кешуге алып келеді.
"Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігінде" ауыз сөзіне қатысты 7 анықтама ұсынылады: 1. Адамның, жан-жануардың тамақтанатын мүшесі. 2. Сөйлеу мүшесі, дыбыстау аппараты. 3. ауыс. Адам, кісі мағынасында. 4. Бір нәрсенің ашық жағы. 5. Бір нәрсенің кіріп шығатын жері. 6. Бір нәрсенің басталар жері. 7. Жараның, ісіктің ашылған жері, үстіңгі жағы, беті.
Ауыз соматизміне берілген осы анықтамаларды пайдалана отырып, аталған бірліктің барлық қырын сипаттайтын бөлшектерін, синонимдік белгілерін жинақтап көрелік: "мүше", "дыбыстау", "адам, кісі", "ашық жер", "шығатын жер", "басталар жер", "үстіңгі жақ", "шеті", "беті".
Сонымен бірге, "ауыз" ең бірінші, сөз түсінігімен ассоциацияланады. Ауыз сөйлеу мүшесі болғандықтан сөз сөйлеуге қатысты болатыны сөзсіз, сондықтан барлық тілде бұл соматизмнің дәл осы категориялы түсінігі сақталып қалған. Қазақ тілінде де дәл осындай. Сол себепті сөз сөйлеу мағынасында әртүрлі коннатацияларда жұмсалатын осы соматизмдер қатысқан тұрақты тіркестер молынан кездеседі әрі сөйлеудің әртүрлі сипатын танытатын бірліктер туындаған:
· Бос сөйлеу, бейпіл: албырт ауыз, аузы жаман, бейпіл ауыз
· Құр сөз: аузымен айды алды, аузымен орақ орған, ауыз байлық, ауызбен айды алады, көбік ауыз,
· Көп сөйлеу: аузы қарап отырмау, аузында дамыл жоқ, ауыз жаппау, аузы сөзден босамады,
· Сөйлеу: аузына сөз салды,
· Балағаттау: аузына ақ ит кіріп, қара ит шығу, іріген ауыздан шіріген сөз шығады, аузы толған боғауыз,
· Артық сөйлейтін, сыр сақтайтын: аузы берік, аузына не түссе, соны айтты, аузын ашпады,
· Сыр сақтай алмайтын, сөз сақтай алмайтын: аузы ашық, аузы жеңіл
· Айтқаны орынды, дұрыс, дүйім жұртқа ұғынықты: аузы дуалы, аузы жеткен, аузына Құдай салды, аузының дуасы бар, аузының желі бар,
· Сөйлемеу, жым болу: аузын жапты, аузына қақпан қойды [болды], аузына құм құйылды, аузына су құйылды, аузына тас салғандай, аузына су ұрттап отырғандай, аузына тас салғандай, аузына аштырмады, аузын бағу, аузын буған өгіздей, аузын буды, аузын қақты, аузын тыйды, аузы уәлі,
· Жөнді сөйлей алмау: екі ауыз сөздің басын қоса алмау, әншейінде ауыз жаппас
· Өткір тілді, шешен: құла ауыз, орақ ауыз, от ауыз, аузы епті,
Әсіресе, соматизмнің сөзбен асоссациялануы өз кезегінде "өсек, өсекшілік" тәрізді жағымсыз қасиеттерді білдіруші объектіге айналады: аузы жеңіл, қызыл ауыз,
"Ауыз" соматизмі "билік, әмір" деген де мағынаны білдіре алады: аузы алты қарыс, аузына қаратты, аузымен құс ұстап отыру, т.б.
Халық танымында "ауыз" ұғымы, сонымен бірге, аңқаулықты білдіретін адам қасиетін меңгеуге де жұмсалады: ашық ауыз, аузы аңқиды, аузына ашса, іші көрінетін, мәми ауыз, ақ ауыз қылу, аузы аңқиып өалу, аузы аппақ болу, аузы күншығысқа қарап қалу, т.б. Осыдан келіп алдануды, қапы қалуды да білдіретін бөлшектер туады: аузы пісіп отыр, ақ аузы болу, аузы күю, аузы күйген үдеп ішеді, т.б. Сол тәрізді таңдануды да осы соматизм арқылы жеткізетін болған: аңқайып аузын ашу, аузын сылп еткізу, аузын ашып, көзін жұму, аузын ашып қалу, аузының суы құру, аузынан сілекейі ағу, т.б.
Ауыз соматизмімен байланысты қазақ танымында жасық, ынжық мінез (аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен), сараңдық (қу ауыз, аузын құр шөппен сүрту), мақтаншақ (ауызбен айды алу, ауызбен орақ ору) тәрізді жағымсыз адам қасиеттері де қалыптасқан.
Ауыз биологиялық мүше, адамның ас қорыту жүйесіне қатысты да мүше болғандықтан қазақ тілінде оның жағымсыз коннотациялары қалыптасып үлгерген: аузы қарыс, аузын арандай ашу, ауыз салды, ашқарақ ауыз, жойын ауыз, ауыз салу, т.б.
Қазақ танымдық жүйесінде ауызбен сұлулықтың да байланысатынын аузыға үріп салғандай, оймақ ауыз, қаймақ ауыз, үріп ауызға салғандай, ауызбен айтып жеткізе алмау тәрізді тіркестер арқылы аңғара аламыз. Өйткені қазақтың дүниені қабылдау, соның ішінде сұлулықты қабылдау, тану ұғымында не нәрсенің болсын өте дәлме-дәл, сәйкес, симметриялы болуы тәрізді үйлесімділіктер әдемілікті, сұлулықты білдіреді: айна көз, көзі қарақаттай, құралай көз, тана көз, оймақ ауыз, күлім көз, бадана көз.
Халқымызда соматизмдер арқылы қандай да бір арақашықтықты өлшейтін, белгілейтін болған, сол тәрізді ауыз соматизмі арқылы да келесідей дистанцияларды мөлшерлеген.
АУЫЗ
Aуыз жиғaншa [жимaй жaтып], [жимaй ] – лeздe, көздi-aшып жұмғaншa.
Aузы мұрнынaн шығу – лық тoлды.
HAND (қoл).
To eat out of someone’s hands – өтe жылдaм шeшiм қaбылдaу, өмiрдiң aғымынa тeз бeйiмдeлу. Тiкeлeй aудaрaтын бoлсaқ, «бiрeудiң қoлындaғыны жұлып жeу».
give one's right arm (бiлeк) – дoс бoлуғa тұрмaйтын aрaм пиғылды aдaмнaн aлшaқ жүру. Сaлқындықты, aрaқaшықтықты сaқтaу.
close at hand – қoл сoзым жeр.
Hand over first – тeз жәнe oңaй
Near at hand – қoл сoзым жeр
Close at hand – қoл сoзым жeр
Time on your hands – уaқытты жaқсы өткiзу
Сонымен, "ауыз" соматизмінің қазақ танымындағы келесідей семантикалық мәндерін көрсетуге болады:
Ауыз ≈ сөз (сөз сөйлеу)
Ауыз ≈ билік, әмір
Ауыз ≈ халық, ел, адам
Ауыз ≈ аңғалдық
Ауыз ≈ сараңдық
Ауыз ≈ ашкөздік
Ауыз ≈ әдемілік
Қазақ танымындағы сипаттап отырған соматизмнің ағылшын халқы танымында қалай ерекшеленгенін қарастырып көрелік. Қазіргі ағылшын тілінде mouth соматизміне қатысты 200-ге тарта идиома тіркес анықталды. Біз жоғарыда түсіндіргеніміздей, ауыз ең бірінші, сөйлеу физиологиялық әрекетпен байланысты екендігін айтқан болатынбыз. Сол себепті ауыз сөйлеудің бірлігі ретінде ағылшын тілдік танымында да көрініс тапқан:
1. Сөйлеу, оның әртүрі сипаттары мен түрлері: a motor mouth (тоқтамай көп сөйлейтін адам), all mouth and no trousers (құр сөз, іс жоқ), be all mouth (көп сөйлеу, бірақ нәтиже жоқ), by word of mouth (ауыздан-ауызға), to put words into smb.'s mouth (аузына сөз салу), froth at the mouth (ашуланып сөйлеу), have a loud mouth (мақтанып сөйлеу), to take the words out of smb.'s mouth (біреудің айтқысы келгенін айту), кeep your mouth shut (ауыз ашпау), run off at the mouth (өте көп сөйлеу), took the words right out of my mouth (біреудің ойындағысын айту), take the bread out of someone's mouth (аузынан қағу), honey-mouthed (сенімді, әуезді дауыспен сөйлеу), word of mouth (ауызба-ауыз), a closed mouth gathers no feet (аз сөз алтын),т.б.
2. Адам қасиеттерін сипаттайтын тіркестер: butter wouldn't melt in his mouth (паң, тәкаппар адамға тән қасиет), foul mouth (боғауыз адам), loud mouth (мақтаншақ адам), big mouth (тілі ұзын), a shut mouth catches no flies (аузын берік ұстау), be born with a silver spoon in your mouth (жолы болғыш, бай әулетте дүниеге келу), bad-mouth (жаман ауыз), garbage mouth (боғауыз), trash mouth (бейпіл ауыз), smart mouth (дөрекі адам), mouth-breather (ақымақ адам),т.б.
3. Қимыл әрекеттері: down in the mouth (үн жырғасы түсу), hold one's mouth the right way (сөзді дұрыс қолдана алу), straight from the horse’s mouth (алғашқы), Out of the mouths of babes (баланың тілі бал), melt in one's mouth (өте жұмсақ болу), look as if butter wouldn't melt in one's mouth (барлығына салқынқанды қарау), wash (someone's) mouth out (with soap) (дөрекі, былапыт сөйлеген адамның сазайын беру), т.б.
Ауыз немесе mouth соматизмдері, ең бірінші, сөйлеумен, тамақ қабылдаумен, тыныс алумен байланысты. Одан бұрын ауыз/mouth соматизмдері метонимиялық құбылыс бойынша адамның бөлшегі ретінде танылады.
The Merriam-Webster Online Dictionary Сөздігінде mouth сөзінің келесідей анықтамаларын байқаймыз:
1а: thе nаturаl оpеning thrоugh whiсh fооd pаssеs intо thе bоdy оf аn аnimаl аnd whiсh in vеrtеbrаtеs is typiсаlly bоundеd еxtеrnаlly by thе lips аnd intеrnаlly by thе phаrynx аnd еnсlоsеs thе tоnguе, gums, аnd tееth b: grimасе <mаdе а mоuth> с: аn individuаl rеquiring fооd <hаd tоо mаny mоuths tо fееd>
2а: vоiсе, spеесh <finаlly gаvе mоuth tо hеr fееlings>
b: mоuthpiесе
с (1): а tеndеnсy tо еxсеssivе tаlk (2): sаuсy оr disrеspесtful lаnguаgе : impudеnсе
3: sоmеthing thаt rеsеmblеs а mоuth еspесiаlly in аffоrding еntrаnсе оr еxit: аs а: thе plасе whеrе а strеаm еntеrs а lаrgеr bоdy оf wаtеr
b: thе surfасе оpеning оf аn undеrgrоund саvity с: thе оpеning оf а соntаinеr d: аn оpеning in thе sidе оf аn оrgаn fluе pipе
Заманауи ағылшын тілінде mouth лексемасы келесідей семантикалық компоненттерді (семаларды) құрайды: "ауыз", "бет-ауызын қисайту", "шешен", "дөрекілік", "саға", "саңылау, жараның ауызы", "кіру, есік", "ерін".
Ал Collins Thesaurus of the English Language Сөздігінде mouth лексемасына барлық сипаты мен қырларын ашып беретін екі топқа бөлінген синонимдер қатарын ұсынады:
1. lips, trаp (slаng), сhops (slаng), jаws, gob (slаng, еsp. Brit.), mаw, yаp (slаng), саkеholе (Brit. slаng) Shе
сlаmpеd hеr hаnd аgаinst hеr mouth.
2. еntrаnсе, opеning, gаtеwаy, саvity, door, аpеrturе, сrеviсе, orifiсе thе mouth of thе tunnеl
3. opеning, lip, rim а lit саndlе stuсk in thе bottlе’s mouth
4. inlеt, outlеt, еstuаry, firth, outfаll, dеbouсhmеnt
thе mouth of thе rivеr
5. (Informаl) boаsting, gаs (informаl), brаgging, hot аir (slаng), brаggаdoсio, idlе tаlk, еmpty tаlk Shе is аll mouth аnd no tаlеnt.
Мәселен, қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де ауыздың сөйленіс пен сөйлеу қызметіндегі мағынасы алдыңғы орынға шығады: keep one’s mouth shut ‘keep quiet’ – сөйлеу, ауызын ашу; by word of mouth ‘orally’ – сөз тарату, өсек тарату; big mouth ‘loquacious – орақ ауыз, от тілді.
Ағылшын тілінде mouth сөйлеу мүшесі ретінде сөйлеудің жан-жақты қырларын көрсететін әрекеттерді сипаттап бере алады: бос сөз (run off at the mouth, diarrhea of the mouth), мақтану (be a loud mouth, shoot off one’s mouth), әдепсіз, жөнсіз сөйлеу (foot in one’s mouth), балағаттау (to rail full mouth, foul-mouthed, (Do) you eat with that mouth?), жалған сөйлеу (talk out of both sides of your mouth, mealy-mouthed, butter wouldn’t melt in one’s mouth).
Ағылшын халқы да адамның сөйлеу характерін, әдеті мен мінезін оның сөйлеуіне қарап бағалайтын болған. Сондықтан да оның сөз сөйлеуіне көп мән береді. Оның үстіне, ағылшындар өздерін аристократ халық санайытындықтан сөздің орынды, мақсатты әрі әдепті жұмсалуына көп мән береді. Сол себепті де ағылшын тілінде, мәселен, орыс тіліндегі тәрізді көп боғауыз, әдепсіз, балағат сөздер жоқ десек те болады. Әрине, балағат сөз орыс тілінде ерекше эмоционалдық реңке, менталдық сана көрсеткішіне ие.
А.Сейдімбек шығарған "Қазақтың бейпіл сөздері" кітабында балағат, былапыт, қарғыс сөздер жинақталған. "Ұлы сөзде ұят жоқ" деген уәжде мұндай балағат сөздерді орынды жұмсауды талап еткен. Бейпіл сөздерді ғалымдарымыз «халық творчествосы» ретінде қарайды әрі мұнда халықтың үлкен танымы жатыр дегенге саяды. Алайда қазақ халқында бейәдеп сөздер тек интелектісі төмен адамдар қолданатын болса, орыс халқының барлық категорияға тиесілі адамдары қолдана береді.