- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Қазақ халқы түсінігіндегі...
Қазақ халқы түсінігіндегі бүркіт атаулары
Халқымыз құс атаулыны, оның ішінде бүркітті аса қадірлейді. Бүркітті қасиетті құсқа теңейді. Саятшылықтың басты құралы да – осы бүркіт. Бұл құс болмаса, халқымызда саятшылық өнер болмаса та еді. Бүркіт бағып өскен қазақ оған ерекше атау бере білген.
Ендеше бүркітке қатысты қандай атауларын барын қарастырып көрейік.
Қан түбіт – құс атаулының баласы; қанаты қатаймаған кезі. Жасына қарай бүркіт былай айтылады: бір жас – балапан құс, екі жас – қан түбіт, ...сегіз жас – жана, тоғыз жас – май түбіт,... он екі жас – барқын, тағы басқаша.
Тас түлек – төрт жасар бүркіт.
Көк түбіт – алты жасар бүркіт. Қазақ құсбегілері бүркіттің атын жасымен де атайды. Бір жас – балапан құс, екі жасқан – түбіт. Үш жас – тірнек, төрт жас – тастүлек, Бес жас – мұзбалақ, алты жас – көктүбіт. Жеті жас – қана (А.Сейдімбеков, Ақиық).
Май түбіт – тоғыз жастан асқан, орта жастағы бүркіт.
Ана – құс атаулының баласы. Бүркіттің мүшел жасын он буынға бөлінгендегі аты.
Құм түлек – құс атаулының баласы.
Қу түлек – құс атаулының баласы.
Сұм түлек – құс атаулының баласы.
Қоңыр түлек – тоғыз жастағы бүркіт.
Кәрі түлек – он жастағы бүркіт.
Ақ түлек – он бір жастағы бүркіт.
Ақыр түлек – он екі жастағы бүркіт.
Қ. Слямбек