Қазақ халқының ертене қалыптасқан ел басқару жүйесі бар. Елбасшы – хан, ел қамын ойлаған ер – батыр, жұрттың сөзін сөйлеген – би-шешендер.
Қазақ – сөзге тоқтаған халық. Ойға қонымды, сұлу да көркем сөзді орынды жерде айта білген. Би болу адамның әлеуметтік күй-жайына, дәулетіне байланысты болмаған. Халықтың тұрмысын, жай-күйін білетін, даулы істер кезінде көзге түскен адам ғана би бола білген. Аталы сөз айтып, жұртты аузына қаратқан.
Көшпенді өмірде билер Ата би, Төбе би, Қатар би, Жеке би, Төтен би, Бала би деп бөлінеді.
Төбе би дегеніміз – елдік не өңірлік аумақта сайланатын би. Қазақтың үш биі – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би осы төбе биге жатады.
Қатар би – төбе биден басқа, тең құқықты, бір-бірінен айырмашылығы жоқ билер. Төбе бидің қарауындағы билер қатар би деп саналады.
Жеке би – шешендігі арқылы елге танылған билер. Сырым Датұлы, Бөлтірік шешен, Жанқұтты би осы жеке билерге жатады.
Төтен би – екі ел арасындағы даулы мәселелерді шешіп келуге жіберілген билер.
Бала би – билік дәрежесін әлі иемденбеген, бірақ билік айтуға талап қылып жүрген жас жеткіншектер. Бұған Бала Нүсіп, Досбол би, Бала би жатады.