Бүгін, 24 шілде Шәкерім Құдайбердіұлы туғанына 158 жыл толғанын жазған едік. Ұлы атамыздың атаулы күнін ескерусіз қалдырмау мақсатында тағы бір материал арнап, қанатты сөздерін топтастырсақ дейміз. Әрбір сөзі өзіндік өмірге нәр беретін афоризмдерін оқып, рухани ләззат алыңыз.
Сақ адам сандығын бекіте алады. Есті адам тілін тия алады. Бірақ ешкім ойын тия алмайды.
Ең зиянды адам – мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам болады.
Ашумен қылған іс – іс болып жаратпайды. Бойды ашуға билетпе.
Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын.
Қиянат қылма адамға – таза еңбек істе заманға.
Өтіріктен тілін тия алмаған адам арамдықтан ындынын тия алмас.
Арыстан көрнеу келеді. Қарақұрт пен шаян жасырынып шақса да, уыты аса зиянды.
Дүниенің қайғысы ақ жауындай үзілмей жауса да, қуаныш анда-санда найзағайдай жарқ етеді де өшеді, бұл неліктен? Бұл – адам баласының қиянатының көптігі, мейірімінің аздығынан.
Құмарың – бір, ісің – көп болсын.
Ұшқаны білінбейтін ұшқыр заман.
Жоқтық егіндігіне бір бидай еге алмасаң, барлық қырманынан жалғыз арпа да ала алмассың!
Жігіттер күн болды ойланарлық...
Асыл сол ақыл, білім бойда барлық.
Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды.
Сөзіңді түзе – әдетіңе айналады,
Әдетің – мінезіңе айналады.
Мінезің – сенің тағдырың.
Адамдар мал-мақтан үшін соғысып, өзі жек көретін өлімге жанын тапсырады
Бейнет көрме, біреуге бейнет берме.
Құр білген керек емес – білгенді іс қылған керек.
Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл.