- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Жүсіпбек Аймауытовтың қанатты...
Жүсіпбек Аймауытовтың қанатты сөздері
Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың қанатты сөздерін оқырман назарына ұсынамыз.
***
Әдебиет — ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі — көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды.
***
Адамда аз да болса бір үміт, бір таяныш болу керек. Ондай таяныш болмаса тіршілік етіп не керек
***
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт— жас күнде көрген өнеге.
***
Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер.
***
Ұстаз – анаңдай ұлы.
***
Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi ұшiн күймесе,шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.
***
Ашық көңілді, сауықшыл ел-жұрттың баласы да сауықшыл, ер болмақ.
***
Ана мейiрiмiмен ұстаз мейiрiмi егiз.
***
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
***
***
Мектеп –кеме, бiлiм – теңiз. Барар жерге тез жетемiз.
***
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
***
Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…
***
Ана тілің - асылың,
Оны білмеген - масылың.