- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Жетіге тиіспеу мен...
Жетіге тиіспеу мен қырық бірге жұғыспау жайлы не білесіз?
Жетіге тиіспеу немесе қырық бірге жұғыспау жайлы ата-әжелеріңізден естіген боларсыздар. Бәлкім естімеген де шығарсыздар. Бұл туралы XV ғасырдың ғұлама ғалымы қараүзген шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" атты кітабында жазған.
Өтейбойдақ бабаның жетіге тиіспеуте, қырық бірге жұғыспауға ескерткен даналығы, адамды қарғыстан, назаланудан, әруақ киесінен, жер киесінен, пәле-жаладан, кездейсоқ ажалдан, т.б. мейірбандық жолға түсуге үйретеді. Жақсылық аты – алғыс, қиянат аты –қарғыс екенін білуге жол ашып береді. Олай болса осы жайында біле жүріңіздер.
Жетіге тиіспеу:
1. Көктемде көктеп келе жатқан өскінге тиіспеу.
2. Көктемде көбейетін жорғамаларға тиіспеу.
3. Көктемде көрінген қозғалғыштарға тиіспеу.
4. Көктемде көз ашпаған шикілікке тиіспеу.
5. Қай-қашан да қонаққа тиіспеу.
6. Қай-қашан да көршіге тиіспеу.
7. Қай-қашан да елшіге тиіспеу.
Қырық бірге жұғыспау:
1. Ордалы жыланға жұғыспау.
2. Қордалы құмырсқаға жұғыспау.
3. Жалғыз ағашқа жұғыспау.
4. Елсіздегі жалғызға жұғыспау.
5. Суық торғайға жұғыспау.
6. Алдыңнан өткен қабанға жұғыспау.
7. Елден алып кетіп көшкенге жұғыспау.
8. Пәлелі өртке жұғыспау.
9. Биік бетке (тауға) жұғыспау.
10. Жаралы жыртқышқа жұғыспау.
11. Қаралы елге жұғыспау.
12. Ашынған қасқырға жұғыспау.
13. Ашыққан ұрыға жұғыспау.
14. Киелі жерге жұғыспау.
15. Дастарханға жұғыспау.
16. Жетімге жұғыспау.
17. Жесірге жұғыспау.
18. Кесірге жұғыспау.
19. Еңіреген ерге жұғыспау.
20. Өзің шығар төрге жұғыспау.
21. Арқаны сылдыр ерге жұғыспау.
22. Жатқа кетер қызға жұғыспау.
23. Көктемдегі мұзға жұғыспау.
24. Өте шығар сызға жұғыспау.
25. Артылып қалған асқа жұғыспау.
26. Жарасы бар басқа жұғыспау.
27. Парақұмар ласқа жұғыспау.
28. Басқа елдік соқырға (қарашаға) жұғыспау.
29. Күшіктейтін итке жұғыспау.
30. Төбелесте арашаға жұғыспау.
31. Тікені бар аласаға жұғыспау.
32. Құламадағы құзға жұғыспау.
33. Дәм атасы тұзға жұғыспау.
34. Иесіз жатқан малға жұғыспау.
35. Киесі бар далаға жұғыспау.
36. Обалы бар ұяға жұғыспау.
37. Залалсыз малшыға жұғыспау.
38. Түтін шығар шаңыраққа жұғыспау.
39. Ырыс келер босағаға жұғыспау.
40. Даладағы өлгенге жұғыспау.
41. Шыдап жерге көмгенге (өлікке) жұғыспау.
О. Сансызбай