Шындық сөзін әрқайсымыз түрліше түсінеміз. Біріміз оны қашан да ту етіп, гауһардан артық бағаласақ, енді біріміз оны қажет кезде ғана айтқан жөн деп ойлаймыз. Екі пікірдің қайсысы дұрыс екенін тек өзіміз ғана шешеміз. Дұрыс шешім қабылдау үшін әйгілі ақын, жазушылардың шындық туралы айтқан қанатты сөздерін ұсынамыз.
Адам шыншылдығының дәрежесі – оның адамгершілік кемелдігі дәрежесінің көрсеткіші.
Л. Н. Толстой
Шындыққа ғашық адамның ақын немесе ұлы болуының қажеті жоқ. Өз тарапынан ешқандай күш-жігер жұмсамай-ақ , ол ақын да, ұлы да.
Ж. Ренан
Сыр түйіні – ақиқат,
Ақиқат, шындық – көпке ортақ.
І. Жансүгіров
Шындық – ауа, онсыз дем алуға болмайды.
И. С. Тургенев
Өмірге сүйіспеншілік – шындыққа сүйіспеншілік деген сөз.
Р. Кент
Ақылдан алдымен күтеріміз – шыншылдық.
И. Гете
Шындық – дәмі сүйкімсіз, бірақ оның есесіне денсаулықты қалпына келтіретін бір ащы дәрі сияқты.
О. Бальзак
Шындық дегеніміз – адамдағы ождан жеңісі.
М. М. Пришвин
Ақиқатты қадірлемейтін жақыныңнан гөрі ақиқатты ардақтайтын жатыңды сыйла.
Л. Н. Толстой
Тіпті ұсақ-түйектің өзінде шыншыл болу қажет.
М. Горький
Қандай ауыр болса да – тен шындық қана жеңіл.
А. А. Блок
Шындық шырағы дауыл соқса да сөнбейді.
Ғ. Мұстафин
Егер барлық уақытта бірдей шындықты айта беруге болмайтын болса, онда бұдан тағы өтірік айту қажет деген сөз шықпайды. Мен сезгенім мен ойлағанымды барлық уақытта бірдей айта алмаймын, бірақ бұл сезбегенім мен ойламағанымды мен айтуға тиіспін немесе міндеттімін деген сөз емес.
В. Либхнет
Тек толық шындық қана жақсы. Жартылай шындық түкке тұрмайды.
С. Цвейг
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.
Б. Момышұлы
Шындық кейде иілсе де, бірақ ешқашан сынбайды, майдың су бетіне қалқып шығатыны сияқты, өтіріктің бетіне қалқып шығады.
М. Сервантес
Шын емес нәрсенің ұлы болуы мүмкін емес.
Г. Лессинг
Шындық күн сияқты, бұлыңғыр тартуы мүмкін, бірақ бұл уақытша ғана.
К. Бойви
Шындық күте алады: ол қартаймайды, ол қашан да жас күйінде қалады және мүмкін, бір кезде танылатын болады.
Ж. Гюго
Шындық суайттар мен жалған куәгерлерді мұрттай ұшырады.
Гераклит
Адамның шындықты айтудан басқа ниеті жоқ кезде, оған бірнеше-ақ сөз жеткілікті.
Р. Стил
Шындық тілі – қарапайым.
Сенека
Ал сіз үнемі шындықты айтасыз ба?