Өмір атты ұзақ жолда әр сәтті бағалау керектігіне ешкімнің де таласы жоқ шығар. Себебі өткен шақ қайтып оралмайды. Кейде уақытымызды босқа шығындасақ, енді бірде қол қусырып жүреміз. Осы әрекетіміз қаншалықты дұрыс? Берілген сұрақтың жауабын ойлана отырып, әйгілі ақын, жазушылардың жалқаулық туралы қанатты сөздеріне назар аударайық.
Мен қам-қатерсіздікті бейне бір адамның өзін-өзі өлтіруі сияқты көремін.
Ф. Честерфилд
Қам-қатерсіздік – игілік, ал еңбек жаза деушілік – сорақы да зиянды адасушылық.
Л. Н. Толстой
Қам-қатерсіздік еңбекке қарағанда көбірек қажытады.
Л. Вовенарг
Әрекетсіздікте бақыт жоқ.
Ф. М. Достоевский
Жұмысы жоқтықтан өткен жанға батар ештеңе жоқ.
Ч. Дарвин
Ештеңе істемеуден ащы азап жоқ.
А. И. Герцен
Жалқаулық, әрине – біздің қабілеттерімізді дамыту жолындағы ең зор кедергі.
Э. Делакруа
...Әрбір жалқау кісі – қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз қорқақ – мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ қорқақ – ақылсыз, надан келеді, әрбір ақылсыз надан – арсыз келеді.
Абай
Қам-қарекетсіз өмір сүру – мезгілсіз қартаю.
И. Гете
Ең ұлы дарындарды да қам-қатерсіздік құртады.
М. Монтень
Мақсатқа жетуге ұмтылушы адамдардың көбі таңдап алған жолымен танбай жүріп отырудың орнына көбінесе бір-ақ рет қатты қайраттанып қалуға бейім келеді, жалқаулық пен тұрақсыздықтың салдарынан олар көбінесе өздерінің ең жақсы бастамаларының жемістерінен айырылып қалады да, сапарға өздерінен анағұрлым кеш аттанып, баяу, бірақ оның есесіне тоқтаусыз жүріп отырғандарды өздерінен оздырып жібереді.
Ж. Лабрюйер
Жалқаулар әрқашан орта қол адамдар болады.
Ф. Вольтер
Ынта қою неғұрлым қысқа болса, күн де соғұрлым ұзақ болмақ.
М. Эбнер-Эшенбах
Жалқаулар қашан да бірдеңе істемек болып жүреді.
Л. Вовенарг
Жалқаулық кез келген істі қиындатады.
Б.Франклин
Қам-қарекетсіздік азаматтың қай-қайсысы да ұры болып табылады.
Ж.-Ж. Руссо
Уайым-қайғысыздыққа уайым-қайғы қылдағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табуы керек, һәм қылуы керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады.
Абай
Шынайы және таза қуаныштардың бірі – жұмыстан кейінгі демалыс.
И. Кант
Демалыс – харекеттерді ауыстырып отыру.
И. П. Павлов
Босқа қарап отыру – демалыс емес.
Ф. Купер
Адам жаратылысы солай: бір жұмысқа кірісу арқылы екіншісінен дем алады.
А. Франс