Наурыз мейрамы да жақындап қалды. Жылдың бастауы деп түсінген ата-бабамыз бұл мейрамды асыға күткен. Өзімізге жеткен мұраны біз де асыға күтіп жүрміз. Осы ұлық мейрам туралы назарларыңызға мақал-мәтел ұсынуды жөн көрдік.
Орыста мейрам көп, қазақта айран көп.
Наурыз көже қалғанша, жаман қарын жарылсын!
Наурыздан соң қыс болмас,
Мизамнан соң жаз болмас.
Сәуір болмай, тәуір болмас.
Сең жүредi көктемде астан-кестең,
Ақ атанның бауырын арқан кескен.
Көктем туа Наурыз келер
Күн менен түн теңелер.
Жақсылықтар жиынтығы – әз-Наурыз.