Тіл - қай ұлттың болсын қайталанбас байлығы, баға жетпес қазынасы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де бар. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ. Бұл тақырыпқа қай ұлт болсын ат үсті қарамайтыны рас. Ақындары өлең арнаса, жазушылары жүрек түкпіріндегі үнді қағаз бетіне түсіреді. Халық мұңын жеткізеді. Тілі туралы тебіреніп, ыза қысып еміреніп қалам тербемеген қазақ ақын-жазушылары да жоқ емес. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің (1902-1985) тіл туралы толғаныстарын ұсынамыз.