Эпоним дегеніміз – топонимика, яғни, жер-су атауларын зерттейтін ғылымның бір нысаны. Бұрын географиялық атау ғана болған эпонимдер қазір маркетология мен пиар саласында дендеп еніп жатыр. Ендеше эпоним дегеніміз не, соған тоқталайық.
Эпоним дегеніміз – аңызға айналған адам, мифологиялық құдай атының жер-су атауына немесе басқа да бір терминдік атауға айналуы. Мәселен, Бөкей ордасы, Қарахан әулеті, Бекет ата мешіті, Абылайхан алаңы, Бурабай, Қабанбай шоқысы, Қабанбай шыңы, Райымбек ауданы, Қонаев қаласы, Сәтбаев қаласы т.б. кете береді.
Көне дәуірде эпонимнің мәні ерекше болған. Мәселен, ежелгі гректер Құдай атымен тау мен өзен-көлді атаған. Афина қаласы, Пелей тауы, Орхомен қаласы, Посейдон көлі, тағы басқа.
Көне Византия қаласының атауы Визант есімді батырдың, Александрия қаласы Ескендір Зұлқарнайынның, Киев қаласы Кия батырдың, Константинополь қаласының атауы Константин есімінен шыққан.
Этнонимге жер-су атауларынан басқа жалпы терминге, атауға айналған онимдерді де жатқызамыз:
Секвойя ағашы – үнді көсемінің есіміне, құрметіне берілген ағаш атауы;
Вулкан – ежелгі гректің от құдайы;
Июнь – ежелгі рим құдайы Юноның құрметіне берілген ай атауы;
Зенобия өсімдігі – Пальмир ханшайымы Зенобидің құрметіне берілген ат.
Май – ежелгі грек құдайы Майяның есіміне берілген ай атауы.
Сондай-ақ этнонимге мынандай халықаралық атауларды да жатқызамыз: Рентген сәулесі, Паркинсон ауруы, Кох таяқшасы, Даун синдромы, Ом заңы, Мерседес, Кардиган, Оливье, Ампер, Ньютон заңы, Нобель сыйлығы, т.б.