Еңбек туралы шығыс ғұламаларының ой орамдары

Өмірдегі жетістігің, мақсатқа жету мен отбасыңды асырау, барлығы-барлығы еңбек арқылы келеді. Баланы кішкентайынан еңбекке баулудың да пайдасы зор. Атам қазақ еңбек жайлы жас жеткіншекке әр кез айтып отырған, құлағына сіңірген. Мұны тілдік қорымыздағы мақал-мәтел мен тәмсілдерден де аңғаруға болады. Бүгін шығыс ғұламалары еңбек жайлы айтып кеткен ой орамдарының бірсыпырасын тізіп шықпақпыз. Олай болса, оқи отырыңыздар.

Еңбек ізсіз қалмайды

М.Қашқари

Бос жүрме,
Босқа жүгірме

Ж.Баласағұни

Есік баққанша - нәсіп бақ.

Ж.Баласағұни

Істі дер кезінде орында: кешіккен іс оңбайды.

Рашид-әд-дин

Егілмей - өнбес, тілемей – болмас.

М.Қашқари

Бүгінгі істі ертеңге қалдырғанның ісі бітпейді

Әбілғазы

Әр істі өз мезгілінде істеу керек, мезгілімен істелмеген іс құнтсыз.

Бабыр

Бейнет көрмеген зейнет көрмейді

С.Сарай

Дем алу (тынығу) үшін еңбек етіп алу керек.

Құтып

He істесең де ықтият бол

Ж.Баласағұни

Жүріп кетсең - жетерсің,
Тұрып қалсаң - тынарсың

С.Сарай

Ерте тұрып, кеш жат - ұйқың қанады,
Ерте тұрған ердің бағы жанады.

Ж.Баласағұни