- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Егін мол болуы...
Егін мол болуы үшін ескеру керек 10 ереже
Егін қашанда адамзаттың ең басты асыраушысы, күнкөріс амалы болған. Сондықтан болса керек, жерге ана ретінде қарау, оны киелі санау дәстүрге айналған. Жерді күтіп ұстауды, көкті таптамауды, қоршаған ортаны аялауды ата-бабамыздан бұрыннан беріп айтып келеді.
Әлемге өнім беріп, азық-түліктің негізгі өндірушісіне айналған - бұл егіншілер. Еңбек ету, бейнеттің зейнетін көру, алажаздай қам жасау - осының бәрі егіншілікке қатысты айтылған сөздер. Егінші ең алдымен жерге ұқыпты қараған, оны аялаған жан. Халқымыз егіншінің он парызы бар деседі. Ендеше еңбек иесінің 10 парызын айта отырайық.
1. Өсімдік түпкі ұрығынан азық алады. Әсіресе, өркенінен енді бүршік жарған өсімдікке ұрықтың тазалығы өте маңызды. Сондықтан таза, ірі ұрықты жерге егіп, содан өнім алған абзал. Ірі ұрықтан шыққан жеміс табиғи апатқа төзімді келеді. Адам ағзасына пайдасы да мол болмақ.
2. Өсімдік – суға мұқтаж тіршілік иесі. Сондықтан егінші жерін жақсылап жыртып, су түсіруге. дымқыл етуге тырысуы қажет.
3. Егін жақсы шығуы үшін жердің беткі қабатында азот, калий, фосфор, темір сынды элементтер мол болғаны жөн. Оны үгіндімен суға араластырып, өсімдік тамырына апарып құйған, азықтандырған дұрыс. Бидай өзге өсімдік сияқты азотты ауадан сіңіре алмайды, топырақтан азот қышқылы арқылы алады.
3. Өсімдіктің тамыры көп болған сайын қуатты болады. Сол себепті тамырын кеңге жаюы үшін жерді жыртып, жұмсартып отырған абзал. Сонда ғана тамырлары көбейіп өсімдіктер өрлеп кете алады. Егіншінің еңбегі еш кетпейді. Жақсы жыртылған жерде оттегі мол болады.
4. Тыңайтқыштардың ішінде азоттың маңызы зор. Жыл сайын сепсе, жер жыл сайын жаңарады.
5. Пішенді, малдың шөбін уақытында шабу керек. Кеш шабылған шөптің пайдалы заттары азайып қалады. Содан малдың асы құнарсыз боп қалуы мүмкін.
6. Егіншілер мал азығын егуге де мән бергені абзал. Сұлу, қара бидай, бұршақ сықылды дәнді-дақылдар дұрыс күтіліп өсірілсе, малға берер азықтық құндылығы жоғары болады.
7. Адам денсаулығына пайда әкелетін өсімдіктерді ғана еккен дұрыс.
8. Әр бір егінші өздерінің жерлеріне гликоген мен крахмалы көп өсімдіктер егуге тырысуы тиіс. Бұларда органикалық заттар мол.
9. Жерді белгілі бір уақыттан кейін демалдырып тынықтырып алған жөн. Тың жерде жеміс-жидек те, егін де жақсы шығады. Немесе егіннің орнын ауыстырып отыруға болады. Мәселен, бұрын бұршақ өскен жерге бидай жақсы шығады. Өйткені бұршақтың тамыры тереңге кетіп, жерді жұмсартады. Ал бидай жұмсақ жерді жақсы көреді.
10. Бидай болсын, басқа шаруа өсімдіктері болсын шығып келе жатқанда күн жарығы мол түсіп тұруы керек. Бөтен бір өсімдіктердің көлеңкесінде қалуы жарамайды. Өсімдіктерге құнарлы тыңайтқыш қалай керек болса, күн жарығы да солай керек. Күннің жарығы болмағанда да өсімдік өледі.
Қ. Слямбек