Кейінгі кезде денсаулықтың қасиетін түсіне бастағанымыз рас. Мал-жанның амандығы – ел тұтастығының негізі. Дана қазақ бұл байлықтың қадірін білу үшін аталы сөз мақал-мәтел арнаған. Соның бірнешеуін назарыңызға ұсынамыз.
Аруанаға жүгіңді арт,
Белі талмастан бұрын.
Денсаулықтың қадірін біл,
Науқастанбастан бұрын.
***
Аманат аман сақтайды.
***
Жұғын бар жерде шыбын бар,
Шыбын бар жерде шығын бар.
***
Он екі мүшең сау болса,
Дәулет емей немене?
Он саусағың сау болса,
Сәулет емей немене?
***
Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
***
Елемеген ауру жаман,
Ескермеген дау жаман.
***
Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.
***
Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.
***
Қайталаған дерт жаман,
Қайта бұзылған серт жаман.
***
Ауру шықпаған жаннан дәмелі,
Жалқау бітпеген малдан дәмелі.
***
Дос-жаран ауырып қалғанда,
Елемей селсоқ жүрерсің.
Әлекке ауру салғанда,
Қадірін жанның білерсің.
***
Емнен жаман жазыла бастаса,
Жақсылығыңды ұмыта бастайды.
***
Көнені керек етпесең,
Жаңа табылмайды,
Байлауды керек етпесең,
Жара жазылмайды.