Денсаулық жайлы мақал-мәтелдер

Денсаулық жайлы мақал-мәтелдер
Фото: newtimes.kz

Мақал - сөздің мәйегі. Бір ауыз сөздің бойында сан ғасыр бойы жинаған халықтың ілімі жатыр. Халқымыз денсаулық жайлы не дегенін білу үшін тақырып аясында мақал-мәтелдер ұсынып отырмыз. 

Денсаулық зор байлық

***

Тазалық – саулық негізі.

***

Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық.

***

Басы аманның мал түгел

***

Аурдың алдын ал.

***

Демі бардың емі бар.

***

Жаман ауруға жақсы ас.

***

Көзің ауырса, қолыңды тый,

Ішің ауырса, тамағыңды тый.

***

Көкірек ауру күле кетер.

***

Тұмау аяғы құрт

Тұман аяғы жұт

***

Ауру аздырады

Суық тоңдырады

***

Ауру кісі күлкі сүймес,

Ауыр жүкті жылқы сүймес.

***

Ауру батпан кіріп,

Мысқылдап шығады.

***

Ауру астан,

Дау қарындастан.

***

Дауды елемеген төлейді,

Ауруды елемеген өледі.

***

Іздеп алған аурудың емі табылмас.

***

Айналдырған ауру алмай қоймас,

Бұлттанған күн жаумай қоймас.

***

Сіңбес астың бөгеуі көп.

***

Шықпаған жаннан үміт ет.

***

Жанымды алмаған ауру,

Жанымның садағасы.

***

Олақтан салақ жаман.

***

Шірік шірітеді,

Бұзық бүлдіреді.

***

Шірікке шыбын айналар.

***

Жасыңда салық болсаң,

Бара-бара былық боларсың.

***

Ас – елдің құты.

***

Әлсіз денеге ауру ұялайды. 

***

Тамақтан өткенне бәрі тамақ.

***

Көже деген тоқ ас,

Тұра келсең жоқ ас.

***

Айран ішсең ас болады.

***

Ас астың орны басқа.

***

Ескі сөз жаңа сөздің қазығы.

***

Сергіктік сенімі нық.

***

Шымырдың сезімі сергек.

***

Тазалық - денсаулық кепілі.

***

Таза ауа - жанға дауа.

***

Таңертеңгі асты тастама, 

Кешкі асқа қарама. 

***

Екі ауру бір келсе, 

Ажалыңның жеткені.

***

Байлық - байлық емес, денсаулық - байлық. 

Қ. Слямбек