Баршаңыз білетіндей Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналып отыр. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен елдің бүгінде бірлігі жарасқан. "Бірлікті ел бұзылмас" демекші назарларыңызға ынтымық, бірлік, татулық жайындағы аталы сөздерді ұсынамыз.
Бірлік пен ерлік егіз.
***
Бірлікті ел бұзылмас.
***
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
***
Ел бірлігі – ел теңдігі.
***
Елдің елдігі – аузының бірлігі,
Ердің елдігі – етінің тірілігі.
***
Біріккен жүз бытыраңқы мыңды алады.
***
Бірлеспеген білек әлсіз.
***
Бірлік – байлық, барлық, бақыт.
***
Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
***
Тар жерде табысқан,
Кең жерде келіседі.
***
Ынтымақ түбі – бірлік.
***
Ынтымақ болмай іс оңбас.
***
Ынтымақ барда ырыздық бар.
***
Ынтымақ түбі – игілік,
Тірлік түбі – бірлік.
***
Ұрыс ырысты қашырар,
Ынтымақ халықты асырар.
***
Ұрыстың мерейі – ерлік,
Ырыстың мерейі – бірлік.
***
Теңге – тиынан, ынтымақ – ұйымнан.
***
Байлық байлық емес, бірлік – байлық.
***
Бірлікте болсаң – билікте боласың.
***
Береке басы – бірлік.
***
Еңбек етпей ер оңбас,
Бірлік болмай ел оңбас.
***
Ынтымақсыз елді ұрысы билейді.