Білмеген – ақымақ емес, білгісі келмеген ақымақ

Ақымақ адам өзгенің қатесін түзеу арқылы ақылды болып көрінгісі келеді. Ал ақылды адам ешкімге ешнәрсе дәлелдемесе де, қиналған сәтте дұрыс шешім табады. Мұны даналар да мойындайды. Назарларыңызға ақын-жазушылардың, ғалымдардың айтқан нақыл сөздерін ұсынамыз. 

Данышпан үшін шекаралар бар да, ал есерлік үшін жоқ деген ой менің зығырданымды қайнатады.

А. Дюма-баласы

Жарық дүниеде алаяқтардан да ақымақтар көп, өйтпегенде алаяқтардың өмір сүруіне ешбір себеп болмас еді.

С. Батлер

Жағадан алған дұшпаннан етектен алған ит қауіпті.

Б. Момышұлы

Ақымақтың қасынан қашан да бұзық табылады.

О. Бальзак

Қу – құмар ақымаққа.

Абай

Ақылды да, ақымақ та бір ағашқа қарап тұрғанымен, ол ағаш ақылдыға қарағанда ақымаққа басқаша болып көрінеді.

У. Блейк

Ештеңеге таңырқамау, әрине, ақылдың емес, ақымақтың белгісі.

Ф. М. Достоевский

Әрбір ақымақ өзінен де зор ақымақты тауып алады, ол мұның өзіне тамсана таңырқайды.

Н. Буало

Білмеген – ақымақ емес, білгісі келмеген ақымақ.

Г. С. Сковорода

Әдетте түсінігі жетімсіздер көп білеміз деп ойлайды, ал мүлде ақылынан айырылғандар бәрін білеміз деп ойлайды.

Дж. Бруно

Топастық пен даңғойлық – ажырамас достар.

П. Бомарше

Ақымақтар бәрінен гөрі даналық туралы, ал зұлымдар қайырымдылық туралы көп айтады.

П. Эрнст

Топас – аузын ашпайтын ақымақ, бұл мағынада алғанда ол ауыз жаппас ақымақтан гөрі артықтау.

Ж. Лабрюйер

Ақылдыға оның ақылды екеніне жұрт сенгенше қанша уақыт сөйлеу керек десеңізші! Ақымақ үндемесе болғаны, бәрі де оны ақылды деп есептейді.

М. Сафир

Ақымақтар да, ақылдылар да зиянсыз: тек жартылай ақымақтар мен жартылай ақылдылар ғана зиянды.

И. Гете

Әрбір ақылды адамға ақымақтыққа кешіріммен қарау тән.

Абуль–Фарадж

Дүмшелер әдетте өздерінің ақылы жетпеген нәрсенің бәрін жамандайды.

Ф. Ларошфуко

Өздерін не нәрсеге қабілетсіз сезінсе, соның бәрін сынап-мінеу адамдарға тән.

И. Гете

Неліктен осынау ақсақ адам бізді түршіктірмейді, ал ақыл жағынан ақсаушы адам түршіктіреді? Ол мынадан: ақсақ біздің тік жүргенімізді мойындайды, ал ақылы жағынан ақсаушы өзін емес, бізді ақсақ деп есептейді.

Б. Паскаль

Нақұрысқа істеген жақсылығың – теңізге су құйғанмен бірдей.

М. Сервантес

Ақымаққа ақыл айту – дауылды қолмен тоқтатам дегенмен бірдей.

Ә. Науай