Береке басы - бірлік

Баршаңыз білетіндей Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналып отыр. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен елдің бүгінде бірлігі жарасқан. "Бірлікті ел бұзылмас" демекші назарларыңызға ынтымық, бірлік, татулық жайындағы аталы сөздерді ұсынамыз.

БАСЫ

 Бірлік болмай, тірлік болмас. 

***
Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,

Қйым жоқ болса, күйің жоқ. 

***
Білек бір болса да, бармақ басқа.

***
Біріккен екі бірлігі жоқ жетіні жеңеді.

***
Біріккен жүз бытыраңқы мыңды алады. 

***
Саусақ бірікпей, ине ілікпейді. 

***
Саусақ ашсаң – қылдырық,

Жұмсаң – жұдырық.

***
Қол жұмылмай жылынбайды.

***
Қырық кісі бір жақ,

Қыңыр кісі бір жақ

***
  Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.

***
  Ынтымақ істі тындырар. 

***

Ырыс алды – ынтымақ. 

***
Ынтымақ барда ырыздық бар. 

***
Ырыстан ынтымақ озар.

***

Ұрыстың мерейі – ерлік,

Ырыстың мерейі – бірлік. 

***
Кеңесіп кескен қол ауырмас.

***
Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

*** 

Кең киім тозбайды,

Кеңесшіл ел азбайды. 

***
Айырылған азады, қосылған озады.

***
Кеңесте кеңдік көп.

***
Үйдің басын қатын қосар,

Елдің басын батыр қосар.

***
 Ауыл болсаң, қауым бол.

***

Ұғысу қиын, шығысу оңай.

***

Топтан ажыраған торға түсер.

***

Бас жарылса, бөрік ішінде,

Қол сынса, жең ішінде.

***

Бақылда бірлік жоқ.

***

Біреуің бас, біреуің аяқ бол,

Біреуің құйрық, біреуің қанат бол.

***

Көп келіссе, кірекеш түйесін сояды.

***

Жарылғанды жау алар,

Бөлінгенді бөрі жер.

*** 

Қырық кәрі жілік тағылған малды ұры алмайды.

*** 

Қосылғанның қолы ұзын,

Қас керуеннің жолы ұзын.

*** 

Ит пен ит ырылдасса,

Тамағының тоқтығы.

Жігіт пен жігіт ұрысса,

Ынтымақтың жоқтығы.

*** 

Айыратын жаман бар,

Қосатын жаран бар.

*** 

Топтанып ұшқан торғайға,

Тұрымтай да бата алмас.

*** 

Екі ауыз біріксе,

Кер ауызды басады.

*** 

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

*** 

Көптен бөлінген үй оңбас.

*** 

Тірлік басқа болса да, тілек бір.

Бармақ басқа болса да, білек бір.