- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Бала тәрбиесі туралы...
Бала тәрбиесі туралы мақал-мәтелдер
Фото:
envato.com
Қазақ мақал-мәтелімен-ақ тентегін үйретіп, тезге салған. Тоқсан сөздің тобықтай түйінін келтіріп, бір-ақ ауыз сөзбен жөнін көрсеткен. Мақал-мәтелдің бала тәрбиесінде де алар орны зор. Сонымен, бала тәрбиесі туралы мақал-мәтелдерді көңіліңізге тоқи отырыңыз.
Мейірімділікті анадан үйрен,
Әділдікті данадан үйрен.
Аз-аздан үйреніп дана болар.
Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең.
Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай сөйлесең, көп ішінде өлер.
Ана сүтімен бітпеген қасиет
Тана сүтімен бітпейді.
Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал артық.
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар.
Ас ішсең, аяғыңды жина.
Тәтті өмірдің сұрауы қатты.
Қазаннан қара нәрсе жоқ,
Ассаң, қарын тойдырар.
Қардан аппақ нәрсе жоқ,
Ұстасаң, қолды тоңдырар.