Қазақ тілінде екі сөздің тіркесуінен жасалатын бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер қаншама. Осы сөздердің астарында не жатқаны біреуге мәлім болса, біреуге беймәлім. Сол себептен біз сіздерге ауыз екі сөйлеуінде жиі қолданылатын сөздер жиынтығын беруді жөн көрдік.
Атұстар – еркек бала. Атқамінер – әкім. Айранішер – біркиер, жақсы киім. Алданыш – (бала) сүйеніш ету. Айталтақ – ерке, шолжаң. Әжі қыз – күйеуге шықпаған, жасы асқан қыз. Боскөтен – атқа отыра алмайтын деген сөз. Босбелбеу – босаң, иекмсіз. Бойжеткен – кәмелетке толған қыз. Бозбала – жасөспірім, жігіт болып қалған. Битін салды – барлық ынтасымен істеді. Дүниеқоңыз – дүниеқұмар. Жібі түзу – келісті, жаратылысы жақсы. Жүрегі жаралы – жақыны қайтыс болды. Жолдан туған – әкесіз туған. Гүлі ашылмаған – жас, пәк, таза. Итжанды – төзімді, берік. Еті тірі – талапты, іздегіш. Күмәнді, көжесі бар – екі қабат. Көзі шыққан – әбден үйренген. Көзкөрген – бұрынғы адам, әке-шешесін көрген. Күшік күйеу – қайынатасы қолындағы күйеу. Көлденең туған – некесіз туған. Қатынбасшы – қазан-аяққа, әйел ісіне араласатын еркек. Қоян ағын жеген–көп жүретін адам. Тірі жетім – әке-шешесінен тірі айырылған бала. Тышқантірлік – ептеп-септеп өмір сүру. Тісқаққан – айлакер, кәнігі. Сужүрек – қорқақ адам. Сорпасы шықты – терледі, қысылды. Майқұйрық – жолы құтты бала. Маубас – ойсыз, аңқау. Үкі тағылған қыз – айттырылған қыз.