- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Алғыс жайлы мақал-мәтелдер...
Алғыс жайлы мақал-мәтелдер
Қазақстан халқы 1 наурызды алғаш рет Алғыс айту мерекесі ретінде тойлап жатыр. Барлықтарыңызды тұңғыш рет тойланып отырған мерекемен құттықтаймыз.
Алғыс - қазақ халқының ұлттық танымындағы ізеттіліктің бір түрі. Қазақта «кішіпейіл болсаң, кішірейіп қалмайсың» деген мәтел бар. Кішіпейілдік танытып, жылы ілтипат білдіру адамдар арасында жақсы қарым-қатынас орнатары сөзсіз. Дана халқымызда алғыс айту туралы мақалдардың өзі бір төбе. Ендеше, «тұсауы жаңа кесілген» мерекелеріңізбен құттықтай отырып, алғыс жайлы қазыналы тіліміздің қоржынында сақталған мақал-мәтелдерді назарларыңызға ұсынамыз!
***
Алғыс алған арымас,
Қарғыс алған жарымас.
***
Алғыс алған жігіттің
аты бәйгеден бірінші келеді.
***
Алтын алма, алғыс ал:
алтын деген жер сыйы,
алғыс деген ел сыйы.
***
Қағынған қарғыс алар,
Қарасқан алғыс алар.
***
Сілеу алма, тілеу ал.
***
Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың.
***
Қарғыс алма, алғыс ал.
***
Көп дұғасы — көл.
***
Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.
***
Қарғыстың ең жаманы:
"Өзің білме, білгеннің тілін алма!"
***
Қарғыс алған көктемес.
***
Асыңа тойғызбасаң да,
Ақ ниетіңе тойғыз.