Шоқан Уәлиханов - қазақтың ұлы ғалымы, зерттеушісі, саяхатшысы. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға шоқтығы биік Шоқанның қанатты сөздерін ұсынып отырмыз.
Өзін-өзі сақтау түйсігі – мақтан етуге тұрарлық сезім.
Өткенің туралы ойлағаның – бүгініңнің қамын жегенің.
Тау шеркес тектілерді шыңдап шығаруы заңды. Шеркеш шіркін дүниеге шыр етіп түскен сәтінен бастап-ақ табиғатпен текетіреске түседі. Оның өмірдегі әр қадамы – нар тәуекел.
Еңбекқорлық, ұлттық мақтаныш, принциптілік – сайып келгенде, осы қасиеттердің бәрі де халықтың тұрмыс-салты мен ұлттық мінезінен шығады.
Әйел табиғатының өзі осындай: тыйым салынған тамырдың дәмін татып, әбден құмарынан шыққанша қинала беруге жаратылған.
Қытайда ақыл-ойдың тұрағы асқазан саналады: яғни қарның неғұрлым қампиған болса, ақылың да соғұрлым молырақ болғаны.
Адам – таңғажайып құбылыс! Оның жан дүниесі, ақыл-ойы, жан-жақты талант-қабілеті – құдіреттілік табиғатының, мүлдем беймәлім әрі ешқашан да танып-білу мүмкін емес мәңгілік құпияның нақты көрінісі.
Халықтық реформалардан асқан шексіз маңызы бар қоғамдық мәселе жоқ.
Адамға тән барлық құштарлықтар мен себеп-салдарлардың астарында физикалық және әлеуметтік шарттардың жиынтық әсері жатыр.
Реформа мәселесі қашан да ерекше сақтықты және айрықша терең пайымдауды қажет етеді. Өйткені ол халықтың «болу - болмауына» қатысты жайларға әсер етуі мүмкін.
Жабайылығы басым, дамып толыспаған адам өз сезімін өзі билей алмайтын жас бала тәрізді. Бала сияқты, оған да өз түйсіктерін өзінің іс-қимылдарымен ұштастыру өте қиын.
Джон Стюарт Мильдікі өте дұрыс, әлде бір сославияға жаңа құқықтар берерден бұрын, алдымен осы сославия адамдарының ақыл-ес, адамгершілік және саяси сапасын айқындайтын нақты ғылыми зерттеулер жүргізілуі керек.
«Абылай заманы» - қазақтың рыцарлық дәуірі.
Тіл – қай халықтың болсын басты белісі.
Қазақтар – жақсылықтың қадірін білетін халық!
Бокль айтқандай, білім беру ісі жалпы адамзаттық сипатта болуға тиіс. Ал ұлттық сипат ортаның және оқу жүргізілетін тілдің әсерімен пайда болады.
Қазақтардың ұшан-теңіз өлең жырлары, әлдебір дәуірлерде ақылды бабалары шығарған мақал-мәтелдері мен афоризмдері бар.