Халқымыз ән өнерін жоғары бағалаған. Абай Құнанбайұлының да әнге құмар болғаны сондықтан. Ендеше ақынның ән өнері жайлы айтқанына "құлақ түрейік".
***
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең, менше сүй.
***
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар.
***
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
***
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
***
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззәті бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.
***
Әннің де естісі бар, есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
***
Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,
Өмір сәуле көрсетер судай тынық.
***
Салған ән көлеңкесі сол көңілдің.
***
Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге,
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық.