Гарвард университеті

Гарвард университеті

АҚШ жоғары мектептері әлемдегі ең  мықты университеттер қатарында. Әлемге әйгілі 12 университеттің 8-і АҚШ-та орналасқан. Нобель сыйлығы лауреаттарының 80%-ы АҚШ жоғары оқу орындарының түлектері. Сонымен қатар американдық университеттердің көшбасшысы да Гарвард университеті.

Америкалық журнал US News & World Report әлем ЖОО-лары арасында, сонымен қатар академиялық және түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері бойынша Гарвардты 1-орынға қойды. 320 мың Гарвард түлектерінің ішінде әлемнің 191 елінен келген 50 мың шетел азаматтары да бар. Олардың бәрінің туған жерін тастап, жат елде жүруінің сыры неде дейсіз ғой?!...

Ең алдымен, университет кампустарында спортқа, демалуға, әрине білім алуға да керемет жағдай жасалған. Университет қабырғасында 16 миллион кітап  қазынасы бар кітапхана, ал мәртебе залында 43 нобель сыйлығы лауреаттарының портреттері бөлмеге айтып жеткізгісіз ғажайып сән берген.

Бір уақытта 20 мың студент оқи алатын оқу ордасында  медицина, өнер, бизнес, экономика, менеджмет, физика, химия, астрономия, инженер, антропология, экология, тарих, музыка, дизайн, әлеуметтану, философия, психология,  статистика, тіл білімі, заң мамандықтары бар.

Орналасқан жері: Массачутетс штаты, Кембридж

Студенттер саны: 20 мың

Оқу жүйесі: қыркүйек-қазан.

Оқу мерзімі: бакалавриат:4 жыл; магистратура: 1-1.5 жыл.

Оқу ақысы, 2012-2013:$36.500 – 51.200/академиялық жыл.

Жататын орын мен тамағы: $10.000-14.500/жылына.

Талапкерлерге: жас мөлшері 17+;A-Levels;IB;SAT I: 650-800;3 тест SAT II: 650-800;TOEFL ibt;алдыңғы академиялық білім туралы куәлік/сертификат

Толығырақ ақпаратты www.harvard.edu сайтынан біле аласыздар

Форумда талқылау

Суреттер blogs.law.harvard.edu, football.ballparks.com, cae2k.com,altynsarin.ru, itrustican.blogspot.com сайттарынан алынған

Ж. FM