2012 жылға шығыс күнтізбесі бойынша жорамал

2012 жылға шығыс күнтізбесі бойынша жорамал

Ұлу жылы отбасын құруға, дүниеге бала әкелуге, жаңа кәсіпорындар ашуға немесе оның жұмысын жалғастыруға өте сәтті жыл ретінде сипатталады. Бұл үлкен шабыт, жақсыға сенім мен сенімділік уақыты. Ұлу жылы күтпеген оқиғалар болып, БАҚ жақсы жаңалықтарға кенеледі. 
Ұлу батылсыздыққа шыдамайды. Бұл жылы әр нәрседен қорқақтамай, алға батыл қадам басу қажет. Бұл жылы ақша табу жеңілденеді, бірақ дәл солай тез шашылады. Жаңа бастамалар сәтті болмақ. Егер Сіздің ойыңызда жүрген жоспар-жобаларыңыз болса, ойланбастан, білек сыбана кірісіңіз. Көп еңбектенген іс жемісін береді. Дегенмен, өз мүмкінішілігіңізді өткізіп алмай, ширақ қимылдаңыз.
Дегенмен, Ұлу жылының өз кемшіліктері де бар. Оңай келген жақсылықтарды қолда ұстау қиынға соғуы мүмкін. Егер Сіздің жұлдызыңыз жанып, жұмысыңыз жүре бастаса, ол әрдайым солай болады деп үміттенбеңіз. Өмірге пәлсафалық көзқарас қалыптастырып, қазіргі уақытпен рахаттана біліңіз. 
Ұлу — өзінің шексіз мейірімімен ерекше есте қалған ертегі кейіпкері. Қазақы байлам бойынша, ұлу жылы бірлік пен ынтымақтың, молшылық пен берекенің жылы болып саналады. Айдаһар жылында астық, жем-шөп бітік шығып, молшылыққа болады деген болжам бар.
Қытай күнтізбесі бойынша, келер жылға арналған астроболжамды назарларыңызға ұсынамыз. Жақсылықтарды ғана күтіңіз, қазақы байламнан бөлек, астролог мамандар да ұлу жылының жақсылыққа толы жыл болатынын жазып отыр.

 

Тышқан
Келер жыл Сізді таусылмас романтика мен махаббат ләззатына бөлегелі тұр.  Жылдың екінші жартысында сезімге тым беріліп, ойланбай қадам жасаудан сақ болыңыз.

Сиыр
Алып-қашпа әңгімелер мен пайдасы жоқ іс-әректтерден аулақ болғаныңыз абзал. Жылдың бел ортасынан асқанда, махаббат пен жан демалысының рахаты сезіліп, өмірге оптимистік көзқарас қалыптасады.

Барыс
Отбасы, ошақ қасы мен отбасылық дәстүрлер Сізге күш-қуат сыйлайды. Жақсылықтардың бәрі жақын жандарыңыздың тарапынан көрсетілмек. Ақша жұмсауда абай болған дұрыс.

Қоян
Алған бетіңізден қайтпайтын қатал мінезіңіз қызметтестер арасында келіспеушіліктердің туындауына себеп болады. Бірақ, тапқырлығыңыз бен іскерлігіңіздің арқасында қаржы жағдайын бірқалыпты ете аласыз.

Ұлу
Ұлу өз жылына көптеген тосын сыйларды уәде етеді. Зор мүмкіндіктер мен сәтті қадамдардың қатары көбейеді. Шешімді дұрыс қабылдауыңыздың арқасында бәсекелестердің алды боласыз.

Жылан
Оңай жолмен келген табыс көзі ауыр жағдайларға душар етуі мүмкін. Қолдауды өзгелерден гөрі, өзіңізден күтіп, жеке идеяларыңыздың жүзеге асуына әрекет етіңіз.

Жылқы
Алыс-жақын жерлерге саяхаттарыңыз көп болса, жаңа достар табуға мүмкіншілік туады. Шығармашылықпен айналысатын жандар үшін келер жыл табысты болмақ. Ата-ананыңызбен қарым-қатынаста жұмсақтық танытқаныңыз абзал.

Қой
Сіз ойламаған сәтті жоспарлар құрылады. Және ол жоспарлардың жүзеге асуы  мәртебеңізді өсіреді. Көбірек саяхатқа шығып, қарым-қатынас шеңберін кеңейтіңіз.

Мешін
Алға жаңа мақсаттар қоя отырып, жаңа істерді бастау үшін қолайлы уақыт. Тынбай еңбектенуіңіздің нәтижесінде мол қаржыға кенелесіз.

Тауық
Отбасылық және жұптық мәселелерге бей-жай қарамағаныңыз жөн. Әрбір ұсақ-түйектің соңы даулы мәселелерді тудыратыны есіңізде болсын.

Ит
Сезімталдығыңыз Сіздің ең үлкен құтқарушыңыз болмақ. Себебі, ішкі сезіміңіз Сізді ешқашан алдамайды. Табыс көзін діттеген көлемді істерді қолға алған болсаңыз, қорқудың қажеті жоқ. Сәттіліктер Сіздің жағыңызда.

Доңыз
Көп қаржыны қажет ететін істерде абай болғаныңыз абзал. Уақытша ләззат үшін бос шығындар үлкен өкініш тудыруы мүмкін. Жылдың соңына қарай, басы бос жандардың махаббатта жолы болады.

 

Суреттер bitvasilijyagovsk.land.ru, diary.ru сайттарынан алынған