- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2014
- Жаңажылдық мәзір: Мерекелік...
Жаңажылдық мәзір: Мерекелік печенье
Глазурь жағылған мерекелік печенье жаңажылдық дастарханыңыздың сәніне айналмақ. Әзірленуі сәл қиын болғанымен, мұндай көрікті тәттілер мерекелік көңіл-күй сыйлап, үйдегі балаларды қуантады.
Қамыр құрамы:
| Глазурь құрамы:
|
Майды турап, орта отта май, бал, қантты араластырып ерітеміз. Қайнай бастаған кезде оттан алып, ас содасын қосамыз. Ерітіндіні әбден суытып, ішіне жұмыртқа, даршын, ұн мен қамыр қопсытқышын қосып, қамыр илейміз. | |
Қамырды екіге бөліп, пакетке салып, тоңазытқышқа 1-2 сағатқа қоя тұрыңыз. Уақыт өткеннен кейін қамырды жұқа жайыңыз. | |
Қамырдан қиялыңызға қарай түрлі пішіндер кесіп алыңыз. Адамдар, шырша, жүректер, үйшіктер Жаңа жыл мерекесіне сай келеді. | |
Печеньені 8 минут 180 градуста пісіріңіз. | |
Піскен печеньені 5 минут ыдысынан шығармай, қатуын күтеміз. | |
Глазурьді әзірлеу үшін жұмыртқаның ағын миксер көмегімен көбіктенгенше араластырамыз. Қант ұнтағын қоса отырып, лимон шырынын да ұмытпаңыз. | |
Глазурьді печенье үстіне қалауыңызша жағыңыз: адамның көздерін, түймелерін жасауға болады, толықтай глазурь жақсаңыз да әдемі көрінеді. | |
Глазурь жақсы қатуы үшін кем дегенде 20 минут өтуі керек. Жаңажылдық печенье дайын! |
Жаңажылдық дастархан: "Алтын таға" салаты
Жаңажылдық дастархан: Пісірмей әзірлеуге болатын торт
С. А