Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2014 / Жаңажылдық мәзір: "Алтын таға" салаты

Жаңажылдық мәзір: "Алтын таға" салаты

Жаңажылдық мәзір:

Жаңа жылға аз ғана уақыт қалды. Сіз мерекелік кешке дайынсыз ба? Жаңажылдық дастархан жайлы ойланып жүрген болсаңыз, Массагет оңай әзірленетін, қолжетімді азық-түліктерден жасалатын, сондай-ақ мерекелік дастарханда әсем көрінетін жаңажылдық мәзірлер топтамасымен таныстыруды бастайды.

Осы жыл – қазақ үшін аса қасиеті Жылқы жылы. Бұл жаңажылдық мәзірлерімізді "Қазыны немен алмастыруға болады?" ұранымен жасап отырмыз. Қазы-қартасыз күні жоқ қазақ дастарханы үшін аса оңайға соқпас. Дегенмен... Бұл жылы Жылқы өз патшалығын құрсын! 

Назарларыңызда кез келген Жаңа жыл дастарханында болуы тиіс салаттың ерекше түрі. "Алтын таға" салаты келер жыл – Жылқы жылының нышаны әрі мерекелік дастарханның сәні болады. "Алтын таға" үйіңізге береке, отбасыңызға сәттілік әкелеріне сенейік!

Құрамы:

  • 200 гр краб таяқшалары;
  • 3-4 қияр;
  • 2 жұмыртқа;
  • қызыл уылдырық;
  • 150 гр ірімшік;
  • майонез, тұз.
Краб таяқшаларын майдалап тураймыз. Таяқшалар орнына краб етін алуға болады.
Қиярдың қабығын ашып, майдалаңыз. Салатыңыз ерекше шықсын десеңіз, қияр орнына авакадо жемісін қолданып көріңіз.
Жұмыртқаны пісіріп, майдалаймыз.
Үлкен түзу тәрелкеге туралған краб таяқшаларын таға пішінін келтіре отырып жайғастырамыз.
Қабатты тұздап, майонез жағамыз. Келесі қабат қияр болады.
Үшінші жұмыртқа қабатын жайғастырамыз. Қабаттар арасын тұздап, майонез жағуды ұмытпаңыз.
Соңғы қабат – майда үккіштен өткізілген ірімшік. Тағаның пішінін дұрыстаңыз.
Қызыл уылдырықты салатты безендіру үшін қолданамыз.
Жаңажылдық "Алтын Таға" салаты дастарханға қоюға дайын!

Астарыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Сания Аринова

10709 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 22 желтоқсан 2013, 22:27
Пікірлер
+0
23 желтоқсан 2013, 10:47

ООО, жасайтын екен. Әрі оңай екен

+0
25 желтоқсан 2013, 11:01

Күшті! Оп-оңай :?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...