- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жаяу жүру миға...
Жаяу жүру миға пайдалы
Таза ауада жүру мен серуендеу мидың тынығуына пайдасы тиеді. Ғалымдар бұған дейін таза ауада серуендеу мен жаяу жүру адамның жүрегі мен қан айналымына, бұлшықетіне пайдалы дегенді дәлелдесе, енді неміс ғалымдары далада жүрудің миға пайдалы екенін дәлелдеді.
Зерттеу жүргізген – Германиядағы Макс Планк институтының ғалымдары.
Ғалымдар пандемия кезінде көшеде, далада жаяу жүруші адамдардың көбейгенін айтады. Зерттеушілер қалада тұратын 6 адамды 6 ай бойы бақылауға алып, тәжірибе аяқталар тұста миды МРТ-ға түсірген екен. 280 түсірілім жасаған.
Скан-түсірілімді тексерген ғалымдар жаяу серуендеуге көп шыққан адамның оң жақ ми бөлігінде сұр сұйықтықтың жақсарғанын байқаған. Ал мидың бұл бөлігі – адамның ойлау және когнитивті жүйесіне, істі жоспарлау мен басқаруға мүмкіндік беретін бөлік.
Ғалымдардың айтуынша, адамның писхикасының бөлінуіне осы сұр сұйықтықтың азаюы себеп. Ал таза ауада жүру сұр сұйықтық нормасын реттейді. Соның әсерінен адамның миы демалып, күйзелістен арылатын көрінеді.
Қ. Слямбек